Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен қалай блогер болдым?
Мен қалай блогер болдым?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Әлі есімде...

Әлі есімде...

Әлі есімде...

Жадыраған жаздың да жайма шуақ күндері мен тамылжыған түндері менің еркіме бағынбай өтіп жатыр. Өте берсін, өкінбеймін... Уақыттың қызметі сол ғой. Түбінде бітеді, өтеді ,кетеді. Бірақ, бұл менің уақыты бағаламайтынымды білдірмейді. Массагетте прогресс! «Жарайсыңдар» дегім келеді. Рахмет! Қызу талқылаулар, қызықты блогтар, әңгімелер тағысын-тағы көп... Солардың ішінде «Түстер әлемі» мені қызықтырды. Ол мақалада, түстің пайдасы, адам түсті тез ұмытатындығы және ең қызығы адам түстерінен белгі іздеу керек екен. Қандай белгі? Мүмкін... Осы айтылғандармен ұштастырып, өз басымнан өткен бір жайды сіздермен бөліскім келді. 

Мектеп жасымдағы естеліктерді қарап отырып бір дәптер тауып алдым. Ашып оқып келемін, арасында өзім жазғандарға күліп те, таңғалып та, ойланып та отырмын... Ең соңына келдім, соңғы бетке жазғанды баяғыдан жақсы көремін. Үнемі бір нәрселерді жазып қоямын. Содан бір 2-3 жол жазу тұр. Оқыдым, көзіме жас толды. Былай жазып қойғанмын: «Бүгін мен үшін ауыр күн. Бәрі үшін де. Қайран ағам жас бола өмірден өтті». Есіме түсті. Жаз мезгілі болатын мен 8 сыныпты аяқтадым, нағашым сол күні дүние салған. ОЛ ағаммен көп сырласпайтынмын. 

Түсінгенім... Қолда бар алтынның қадіріне жету керек екен.  

7-сі өтпей жатып бір түс көрдім. Қатты қайғырсам керек. Бұл осыдан 4-5 жыл бұрыын көрген түсім. Кейбір элементтері есімде қалмапты. Қалғаны мынау: Ауылда... Үйдің алдында мен және ағам тұр. Жылы, майда жаңбыр жауып тұр. Ағам ақ шалбар, ақ туфли, көйлегінің түсі есімде қалмапты. Маған айтып жатыр бірнәрселерді. Қуанышты, күлімдеп... «Мен үйленемін» дегені есімде, тіпті қалыңдықты да көрдім, түс қой енді. Жаңбыр ағамның үстіне бір тамаша тиіп жауып тұр. Мен болсам жымиып тұрмын. Оянып кетсем түсім екен. Әттең, шын болса барып сүйінші сұрар едім. Анашыма айттым тұра сала. 

Айтайын дегенім, сол бір түс жадымда әлі сақтаулы. Балалық шақтағы көрген түстерім де есімде... менің ойымша түс белгілі бір адам өмірінде маңызға ие, кейбірі жадтан тез жоғалса, ал кейбірі белгілі бір уақыт сақталады. Адам түсінде көбіне өңінде не ойласа, нені армандаса, алаңдаған дүниелерін көреді. Сезімі мен эмоциясы да қатар жүреді. Сондықтан,  жатарда да, жалпы миыңызда тек жақсы ойлар жүрсін.  

 

P.S: сурет «massaget.kz» сайтынан алынды.

1852 14
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 13 шілде 2012, 23:12
Тегтер: естеліктер, түстер әлемі...
Пікірлер
+0
14 шілде 2012, 00:02

ия солай.... бир киса бар еди гой пайгамбарымыздын с.а.у бинесин коруди армандаган шакиртине устазынын айтканы....

+0
14 шілде 2012, 00:08

таныс мынау қисса, қайта қарап көруім керек еді, есіме түспей отырғаны... :roll:

+0
14 шілде 2012, 00:10

тамакка тузын кооооп кылып косып шакиртине жегизип, су бермей уйыктатады....

+0
14 шілде 2012, 00:13

түсінде шөлдеп, су көреді ме? :idea:

+0
14 шілде 2012, 00:13

ия,ия солай...........

+0
14 шілде 2012, 00:16

:) рахмет, не айтқыңыз келгенін түсінген сияқтымын ))

+0
14 шілде 2012, 00:56

Бір ретте алдыңғы екі тісім сынып қалғанын көрдім түсімде. Оянып тіліммен тісімді итеріп жатыр екенмін. 15 күннен кейін өзім қатты сүйетін жігітіммен айрылсып кеттім. Тісің сынып қалса жақыныңнан айрыласың деген ғой. Сол кезде оның мағынасын білмеген едім. Кейін білдім. Бұны енді сәйкестік дей алмаймын.

+0
14 шілде 2012, 01:02

Ия, Мақпал, тек жақсы нәрсе ойлау керек адам. Бірақ ол үнемі бола бермейді ғой өмір болған соң,

+0
14 шілде 2012, 11:36

:) мен 9 сыныпа жүргенде домбырадан емтихан тапсыратын болдым, содан, түсімде 4 алыппын, ертесіне домбырада ойнап жатқанда шатаса бердім, содан шын мәнінде де 4 алдым :(

+0
14 шілде 2012, 11:49

мен Яссауи танудан байкауга катыскам биыл сонда тусимде облыска отиппин бирак жарыска баратын кезде директор жибермей койды..... омирде де дал солай болды... ауданнан бас жулде алып оттим де бирак облыска бир докейдин кызы барды.... сылтаулары мен биыл 10 - сынып окыгандыктан грант ала алмайды екем..... ал ол кыз 9-сынып окитын....

+0
15 шілде 2012, 12:59

:D менің де түстерім орындалып жатады

+0
16 шілде 2012, 09:35

Бала кезде бір жаман түс көргенмін. Сол естен кетпейді. Орындалмай-ақ қойсын да деп тілеймін

+0
17 шілде 2012, 12:28

Түс аян береді денге сенемін. Жаным қатты қиналғанда түс көремін, және алдын ала білемін болжаймын сол арқылы. Солай болды!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...