жеке
блог

Алматыға ғашық болған қыз

Жалпы 1 жыл жұмыс жасап еңбек демалысына алғаш рет шығуым. Алғашқы еңбек демалыс (отпуск)күшті өтті. Осыдан 3 ай бұрын сәуір айында жұмыстасым Самал ой тастап, Орал-Алматы бағытына билет іздей бастадық. 05.07 күнге билет табылып енді сол күнді тағатсыздана күн санап күттік. Алла бұйыртып сағат 12.00 де пойызға міндік. Басында бірінші күн құштарлықпен жан жағымызға қызықтап қарап екіншікүннен бастап ішіміз пысып салқындатқыш жасамай быт-шытымыз шықты.Сырт жаққа шықсан неше түрлі адамдарды кездестіресін ше. Пойызда қасымызға Аралдан екі тəте мінді. Сол жақтың салтын тыңдап отырып біртүрлі,ерсі көрінді бізге. Батыстың қыздарына қызығады "тегін" деп. Сіздер Орал қаласы орыстанып кеткесін, ондай салт жоқ қо диді. Қазіргі қыздар жігіттің үйі,көлігі бар болса ғана тұрмысқа шығады,бұрын біздер дымы жоқ болсада еріп жүре беріппіз деп екі заманды салыстырып отырып ,əңгіменің арасында үйленбеген баламыз бар еді деп қояды. Әңгімелері біртүрлі болсада өздері күшті тəтəлер бізге алаңдап қай жерден түсетінімізді сұрап сақ болып жүріңдер деп үлкендіктерін көрсетіп жатты. Таулы аймаққа кірген соң басында қары бар тауларды көріп таң тамаша болып,суретке түсірдік. Оооо Қызылорда Шымкент жақтың ыстығы мүлдем ерекше біздікі оның қасында салқыын екенғоо. Сыныптасым, Тараздық келін Гүлсананың келін болып түскен жері Лугавойды да көрдім, дəл мықты таудың етегінде орналасқан керемет жер екен. Сөйтіп түнделетіп Алматыға да жеттік. Ең бірінші тау көреміз табиғатын көреміз деп келдік. Сондықтан бірінші күнімізді ең əдемі жер Шымбұлақтан бастадық. Мммм, мыхты енді табиғатты Алла осы жаққа бере салған. Аспанмен таласқан таудың шыңына дейін шығып басындағы қарды ұстап мəз болып, табиғатына тамсанып, көбі шет елден келген туристік қонақтар оларда ауыздарын ашып, бастары айналып жүр.Таудың басы қыс кəдімгідей қатты салқын. Жалпы Алматылықтар мəдениеттілеу бізге қарағанда, сыпайы сөйлеседі.Таксиді кез келген жерден ұстай аласын отырсаңыз барлық мәліметті айтып таныстырады екен. Ең қызығы Алматының байырғы тұрғыны болсада осы Шымбұлаққа барп көрмегендерде бар екен. Жұмыс, күн көру деп ондайға уақыт жоқ диді. Тауға шықсаң сол жерде отыра бергің келеді ауасы таза миың демалады. Екінші күн Көк Төбеде жалғасты. Оооо түнгі Алматыны алақандағыдай көретін күн болды. Осы күні көп еститін Алматының жаңбырыда жауды. Ең қызығы қандай жерге барп тамақтансанда барлық тағамдары ащы болады. Аяқ бассан "лагманхана" "донерум". Үшінші күн инстаграммнан көп көріп тамсандыратын Үлкен Алматы көліне бардық. Бұл жерге кез келген көлік шыға алмайды екен. Қаншама метр биіктік, қысым. Баратын жолдарының өзі əдеміі. Көөлінің түсі ерекше.(жасыл) Бұл жақта күнде түске дейін күн жаңбырлы бұлтты болады екен. Қатты салқындық болған кезде қар да жауады диді. Əдемі сарқырама да бар. Таудың ортасында тіке ағып тұрған. Алматының табиғатына тауына суына ғашық боласыз! 11 шілде күні Алланың берген 20 жасын қарсы алдым. Бұл күні Оралдық фанатымнан ,ойламаған жерден тосын сый келді. А айтпақшы Қалаулымдықтар көп айтатын Арбатты да, тұңғыш Президент паркінде көрдік (Жастар көп жүретін орта екен) Кітап іздеп, жаяу EsentaiMall ға да бардық. Ішінде жүрген шетелдіктер, GUCCI, DOLCE GABBANA ның отаны сол жер екен. Меломанға кіріп кітап тауып бір сағатымыз сол жерде өтті. Айта кетейін Ұлдана Ерқасымқызының "Қоқыстан табылған миллионер қыз" кітабын оқуға кеңес беремін. The Rith Carlton қонақ үйін көргенде Алматының беделді қонақ үйі сол ау дедім. Бір қызығы бұл жақта қауынды "əңгелек, шытырлақ"деп атайды екен. 9 күнін Алматыда өткізген қыздың Алматы туралы естелігі...

#естелік #алматы #05-16.07.2019 #отпуск

Жұлдызды блогтар