Ұстаздар есірткіге қарсы

Ұстаздар есірткіге қарсы
жеке
блог

ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ

ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА

Есірткіні әлбетте қызығушылықтан немесе жаңа әсер алу үшін қолданылады. Кейбіреулер есірткінің көмегімен проблемадан, қобалжудан, кәдімгі өмір қиыншылықтарынан арылуға тырысады. Өкінішке орай,бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, ешкім де көтерген жүгінің ауырлығын немесе қайғысының жеңілдігін сезіне алмайды. Бүгінгі күні есірткіні пайдалану жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы алаңдаушылық тудырып отыр. Күн сайын осындай ессіздікке жастар көптеп бой ұруда. Ал оның соңы кісі өлімі мен зорлық-зомбылық жасауға соқтыруда. Әлеуметтік құбылыс ретінде нашақорлық есірткілерді қолдануға жаңа құрбандарды тарту есебінен өмір сүріп және дамып келеді. Сондықтан жастар арасында нашақорлық жедел дамып келеді.

  Есірткі санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады. Есірткілер – адам психикасының жағдайын, көңіл-күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар. Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Ал кейбіреулер есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ләззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас-қағым сәтте нашақорға айналып шығады.

 Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат. Есірткіні бірінші рет қолданған мөлшердің әсері 3-4 сағатқа дейін сақталады. Мөлшерден тыс пайдалану жүректің тоқтап қалуына, өлімге әкеліп соқтырады. Есірткінің кейбір түрлері ауырғанды басу, тыныштандыру мақсатында тек мөлшерімен ғана медицинада қолданылады. Өзін-өзі орнықтыру, әуес көру,топқа үйірсектік, жанұядан кетіп қалу, еліктеуге ұмтылу, құрбылары ортасында қалыптасқан дәстүр мен нормалар жасөспірімдердің есірткі қолдануына едәуір септігін тигізуде.Қоғам мен әлеуметтік орта бұл процеске өз ықпалын тигізуі қажет.Жанұяда ата-ана мен баланын арасында өзара түсініспеушіліктің, немқұрайдылықтың, ата-аналар тарапынан бақылаудың төмендігі- мұның бәрі есірткіге бой ұрудың себептері. Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшелігі,атап айтқанда, өзін-өзі бағалау, құрбыларының ықпалыны көну, психикалық ауру-депрессиялық синдром, маниақалды синдром және мән беру синдромының жетіспеушілігі есірткіні қолдануды ертеректен бастауға себеп болады.

 Есірткіге бас ұру проблемасын көпшілік әртүрлі сүреттейді. Жасөспірім ерекше әсерленгіш, мінез-құлқын өзгертуге ыңғайлы. Айналасындағылар мен қарым-қатынасы қиындау және қалыптан тыс әсерленгіш. Өз құрбыларымен қатынасы бірқалыпты емес, ата-аналарымен сөзге келу.Есірткемен таныс болу шегіп көруді ұсынатын құрбыларының тобында басталады. Бірінші жыл ішінде шегу кездейсоқ ретпен жүреді. Шегуші адам ішімдік ішеді,бірақ гашиштіөзі арнайы іздемейді, ал біреулер ұсынса тартынбайды.Шөпті біртіндеп шегу тұрақты кәсіпке айналады,жас өспірім одан аздап ләззат ала бастайды.

 Есірткіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанайық. Есірткімен күресу, одан сақтану, адамзат бойын есірткіден аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстану – адамзат ұрпағының келешекке жетелейтін ұстанымы.

Жубатханова Акзира

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, 85 орта мектеп