Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Иманымыз мешітке барып, суретке түсумен ғана шектеле ме?..

Иманымыз мешітке барып, суретке түсумен ғана шектеле ме?..

Иманымыз мешітке барып, суретке түсумен ғана шектеле ме?..

Бүгін жұма, мешіттер туралы сөз болғасын, ойымда қалған күйткіл есіме түскені. Осы Астана күнінде елордада керемет мешіттің тұсауы кесілді деген қуанышымыз әлі де басылмай жүр. Тек, сол күні мешітке келушілерге қарап құлазып қайттым. Олардың басым бөлігі дерлік, мешітке - Алланың үйіне деп емес, бейне бір жаңа мұражайға келгендей әсерде жүргендей болды. Басты мақсаттары - әдемі "фонда" сәтті суретке түсу секілді. Әсіресе, қыз-келіншектер... Бастарында орамал жоқ, кигендері қысқа етек, ашық желең. Тым болмаса, мешіт қызметкерлерінен орамал сұрағандары да некен саяқ болғаны қынжылтты. Ал, мешітте келушілердің амалдарын дұрыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған, орамалдар да, арнайы ұзын жамылғылар да бар. Тек ілуде біреулері ғана сол жамылғыларды сұрап, киіп жатты. Мешіттің бірінші залында кішігірім ғана субұрқақ орнатылыпты. Соның жанында суретке түсуші адамдардан көз сүрінді. Сорақысы сол, субұрқақтың ішіндегі әдемі ақ тастарды ырымдап па, әйтеуір сөмкелеріне салып кетіп жатқандар да болыпты. Мешіт қызметкерлері микрофонмен "қолдарыңызды фонтанға салмаңыздар! Ішіндегі тастарды алмаңыздар! Сөрелердегі Құран кітаптарын алып кетпеңіздер!" деп айтудан танбады. Бұл не сұмдық, Алланың үйінен қасиетті Құранды алып кетіп жатқан да қандастарымыздың болғаны ғой, демек?! Халқымды сүйетіндіктен, іштей "алғашқы күн болғандықтан ғана осылай болып жатқан шығар. Алда мұндай қайталанбас", деген үмітпен шықтым. Қалай болғанда да, "мешіт ашылыпты!" деп арнайы барған бар мүміндерге Алла мықты иман беріп, тілектерін қайырлы еткей!

6
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 13 шілде 2012, 14:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.