Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Махаббат па?Бақыт па?

Махаббат па?Бақыт па?

Махаббат па?Бақыт па?

Адам деген асқақ атты иемденіп, жарық дүние есігін ашқаннан кейін, отбасын құрып, дүниеге ұрпақ әкелу әркімнің-ақ парызы. Және үйлену - аса жауапкершілікті қажет ететін мәселе. Үйленіп, үй боламын деп қыз іздеп жүрген ағаларым жетерлік. Қазақстанда бір жігіт басына жеті қыздан келеді деп жатады. Бірақ, олардың айтатыны: "қыз жоқ қой»...

Жақында бір ағам үйленбекші. Апам мен атам келінді өздері таңдады. «Текті жердің қызы, әке-шешесін көптен танимыз, осы қызды алсаң жаман болмайсың»,- деген сияқты. Ағам келіскен. Осылайша жақында бір отбасы құрылмақшы.

Мені толғандыратын мәселе бар. Бірін-бірі танымастан, араларында ешқандай сезім болмастан отбасын құрған екі жас бақытты бола ала ма? Олардан қандай ұрпақ дүниеге келеді? Ертеңгі күні бастарына қиындық туған қиын-қыстау күндері бір-біріне сүйеу бола ала ма? Кешірімді болып, өзара түсінісе ала ма?

Бір жағынан ойлап қоямын. Біздің ата-аналарымыз, ата-апаларымыз солай-ақ отбасын құрды. Сол бірлестіктен біздер дүниеге келдік. Ал, қазір керсінше, бірін-бірі сүйіп қосылған жастарымыз үйленгендеріне екі күн, екі апта, екі ай болмай жатып-ақ ажырасып жатады. Мұның сыры неде? Мені ағам сынды жігіттердің тағдырлары алаңдатады.

Жалпы, өз сүйгеніңмен отбасын құрған дүрыс па? Әлде ата-анаң таңдаған текті жердің қызын таңдаған абзал ма? 

26
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 13 шілде 2012, 12:11
Тегтер: үйлену, жар таңдау, махаббат, бақыт

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.