«Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі»

«Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі»
жеке
блог

Қазір бәсекеден тыс қалған бірде - бір сала жоқ. Ал барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына тәуелді. Мұны «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ҚР тұңғыш Президенті   Н. Назарбаев ерекше атап көрсетті: «Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын - соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атауды ертең - ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, келешегін күні бұрын болжай білген мемлекеттер үшін ғана қауіпсіз. Жеткен жетістіктерімен бір орнында тұрып қалмай, тың бағыт, жаңа бағдар таба білген елдер ғана осы сындарлы кезеңнен сүрінбей өтеді.


        Мен еліміздің бір тұлғасы ретінде заман талабына сай көштен қалмай соңғы жаңалықтарға көз жүгіртіп, назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Елбасымыздың осы жылғы еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық бағдары қарапайым азамат түсінетін, баршаға ұғынықты, бай әрі ықшам тілмен жеткізілген. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады. Рухани жаңғыру бағдарламасының білім саласына қатысты тұсы - келешек ұрпақты кемел білімге сусындататын үлкен мүмкіндік. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген қазақ мақалының мән - маңызы ешқашан кемімек емес. Керісінше, уақыт өтіп, заман өзгерген сайын халық нақылының құндылығы артып келе жатыр. Өйткені алдағы дәуір - нағыз білімділердің дәуірі болмақ.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

2-курс магистранты Сәбденбекова Балнұр

Ғылыми жетекші:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ф.ғ.к., доцент м.а  Бектемірова Сәуле