жеке
блог

Челах пен Ли Мин Хоның қандай байланысы бар?

Жақында Ақтөбелік «Диапазон» сайтында корейлік «Қала тыңшысы» сериалы мен шекарада мерт болған 15 сарбаздың байланысы бар ма деген мақала жазылыпты.

Корейлік танымал актер Ли Мин Хо ойнаған «Қала тыңшысы» дорамасы (айтпақшы бізде 1 сериясы аударылған) Оңтүстік Корей Президенті Солтүстік Кореяға сапары кезінде Аун Сан мавзолейінде жарылыс болып, оңтүстік жақтың бірнеше шенеуніктері қаза табуымен басталады. Лаңкестікті Солтүстік жақ ұйымдастырған деп есептеледі.

Жарылыстан кейін Республика министрлігінің кабинеті кек қайтаруды жоспарлап, Солтүстіктің әскери жоғары шендерінің көзін құрту үшін құпия операция ұйымдастырып, арнайы әскери отрядты жібереді.

Бірақ көп ұзамай министрлер кабинетіне бұл операция туралы жедел "ұмытып", ол туралы барлық ақпаратты жоюға тура келеді, ал оған қатысқан барлық сарбаздарды өздері атып тастап, із-түссіз жоғалғандар қатарына қосады.

Бірақ... атылған солдаттардың ішінде бір офицер тірі қалады. Бұл операция кезінде ол жақын досынан айрылады. Бүкіл әлемге ашулы, кек алуға құлшынып, досының жаңа туылған сәбиін анасынан ұрлап әкетіп, Таиландқа алып кетеді. Бар жоспары баланы әскери дайындықпен жетілдіріп, болашақта сол бір операцияны ұйымдастырған барлық адамның көзін жою болатын...

28 жылдан кейін бала есейіп, сол кезде болған барлық құпияны ашады, неге олар атылды? Кім кінәлі және т.б.

Бәлкім бізге де шындықты білуге 28 жыл уақыт керек шығар...

Сіздер қалай ойлайсыздар, бұл сериал мен шекарадағы болған оқиғаның байланысы бар ма?




Ең қызықты блогтар

Педагогтің эмоционалдық жануы және психологиялық саулығы
Еңбекті қорғау компания дамуының басым бағыты
Болашақта өзімді қалай елестетемін?
Әлемдегі өзгерістерге сай өзгере біл
Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы жайлы
Шет елде тегін білім алуға мүмкіндік беретін жобаны білесіз бе?

Жұлдызды блогтар