Зейнеп Демирай ісінде жаңа айналым!

Зейнеп Демирай ісінде жаңа айналым!
жеке
блог

 

31 телеарнада хабарсыз жоғалған балаларды іздеу әлеуметтік акциясы жалғасуда. Акция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен өтуде. Күн сайын "Қызым қайда?" телехикаясынан кейін 31 арнаның эфирінде жоғалғандар туралы хабарлама көрсетіледі.

 

Шытырманды мелодрамадағы Зейнеп ісі жаңа айналымдарға толы:
Сырт көзге шексіз бақытты көрінетін үлкен жанұяда  Зейнеп жоғалғаннан кейін бәрі астан-кестен төнкерілді. Рюзгардың Зейнеп туралы мәліметтер білетіні анық, Зафер қалай да болса сол мәліметтерді білуге тырысуда. Комиссар Каан қылмыстық ортада Зейнеп ісіне байланысты жаңа айғақтар іздейді, бірақ өткенді еске түсіруі оның өмірін күннен күнге қиындата түседі. 

Күн сайын күйеуіне сенімін жоғалтқан Суна енді түсіне сүйеніп және  жүрегінің дауысын тыңдап, қызын өз әдістерімен іздестіруге кіріседі. Сонымен қатар Зейнеппен оның жоғалғанына дейінгі араларында болған әңгімені есіне түсіруге тырысып, қызының өзіне бір қиындықтар туралы айтқысы келгенін және өзінің соған мән бермегенін түсінеді. Осындай ұйғарымға келген ана өзін болған іске жазғырады. Ол жанұяның кішкентай қызы апаларының бірдеңені жасырғандарын байқамай  айтып қалғанда, қызының құпия қылықтарын ашады. Шындықтың түбіне жету үшін Суна қызының кұрбысы Мелиссамен сөйлеседі. Мелисса мұқият тығып жүрген фотосуреттерде кімдер? Суна лажсыздан жоғалған қызын іздестіруді жалғастырады.

 

Рузгярдың хатты тығып қалу әрекетін, сол түнгі оқиға туралы Эмренің үндемеуін және жанұяның нақты емес көрсетулерінен кейін Каан олардан қайта жауап алуды ұйғарады. Зейнептің сабақтан бір апта босатылғаны туралы  жалған медициналық анықтама тағы да бірталай құпиялардың ашылуына дәнекер болады. Ол бес күнді Зейнеп қайда өткізген, кіммен болған? Каан Демирай отбасына тағы бір соққы бере отырып, Зейнепке осы анықтаманы алып берген адамды іздейді. Осы уақытта Зейнеп туралы баспасөзге мәліметтер шығарып отырған адам пайда болады.  Полиция бөлімшесінде егде әйел адамның пайда болуы Зейнеп ісі бойынша соттық тергеудің барысын лезде өзгертеді. Каан Зафер Демирайды әкелген фотосуреттерге толы бұрышта қысымға алады. Зейнептің жоғалуы мен оның әкесі туралы шындық байланысты ма? 

Демирайдың отбасы құмнан жасалған үйдей шашыла бастайды. Зейнептің жоғалуына жол көрсететін жіптің ұшы күтпеген жерден пайда болады. Осы жол Каанды Зейнепке әкеле ме?  Каан мен Зейнеп арасындағы арақашықтық азая түскен сайын,  ол өткеніне жақындай түседі және ол қатты қайғырады. Отбасы үшін қиын уақыттағы бірлескен жанұялық кешкі ас өзара жанжалға айналады.  "Сенім" деген сөзді ұмытқан олар бір-біріне айып таға бастайды. Полиция осы уақытта Зейнепті көрдік деген жерлерде ауқымды іздестіру жүргізе бастайды. Зейнептен құпияға толы пакет алған отбасы абыржуда...

Зафер мен Суна пакеттің ішіндегілерді көргенде естерінен таныды.

Каанға тыныш өмір сүру үшін қандай құпия кедергі келтіруде? Каанның құпиясы әшекерленгеннен кейін оған Сунаның көзқарасы өзгере ме? Суна фоторобот құраған адамды
білетініне сенімді, осы жорамалдар оны Зейнепке бір қадамға болсын жақындата ма?

Дс-Жм күндері "31 телеарнадағы" "Қызым қайда?" телехикаясын көріңіздер!