Есірткісіз өмір ғажайып

 Есірткісіз өмір ғажайып
жеке
блог

     Есірткі. Есірткі деген сөздің айтудың өзі қорқынышты. Есірткімен қазіргі таңда ұсталып жатқандар өте көп. Есірткіге тәуелді болмау керек. Есірткі адам өміріне өте зиян. Оны біліп түсінетін жан болса, сірә. Есірткіге тәуелді болсаң көптеген жағымсыз іс-әрекеттерге барасың. Ол айдан анық нәрсе. Есірткіліктен пайда болған іс-әрекет өлімге апарып соғуы және жаныңдағы жақының сенің кесіріңнен ауруханаға түсіп қалуы әбден мүмкін.Керісінше біз есірткіліктен арылуға жағдай жасауымыз керек. 

    Қоғамға, айналаңа көзіңді ашып тұрып қарасаң небір адамдарды көресің. Оның ішінде жақсы адамдарда бар, және есірткіге яғни зиянды әрекеттерге бағынышты адамдар да бар. Неліктен адамдар есірткіге тәуелді деп ойлайсың? себебі, ол есірткіге тәуелділікті қоғам үйретіп жатқан сияқты. Қоғам дегенім айналаңдағы, қасыңдағы жақын достарың. Есірткіге тәуелді болуды үйреткен достарыңда себепші болуы мүмкін. 

   Қазақта "Әлемді өзгерткің келсе, бірінші өзіңнен баста" Өзің қандай адам болсаң жаныңдағы адамдар дәл сондай. Адамға дәл өзің сияқты достар, адамдар кезігеді. Сол себепті зиянды әрекеттерден аулақ болайық.  Біз есірткі деген нәрсені артымыздағы жас-өспірімдерге зиян екенін дәріптеп, өзімізде жақсы ортаға үйренісіп, есірткі деген нәрсені қолымызға ұстаушы болмайық.