Ұстаздар есірткіге қарсы!

Ұстаздар есірткіге қарсы!
жеке
блог

Қызылорда  ОПД ЕҚҚІҚБ

тарапынан жарияланған сайысқа

 

«Ұстаздар есірткіге қарсы!»

 

Құрметті менің елімнің арманшыл жеткіншек болашағы! Мен ұстаз ретінде, ана ретінде сендердің  аңсаған армандарыңа қол жеткізулеріңе тілектеспін. Өмірлерің жарқын және бақытты болғанын қалаймын!

Дегенмен, әркімнің арманы – әр түрлі. Көптеген басылымдарда, ғаламторда, теледидарда  "есірткі" мәселесі жайлы ақпараттармен танысып, оның қаншалықты ауыр екендігін білесіздер. Аталмыш мәселеге байланысты бейнероликтерде: қорқынышты ауруға душар болғандардың, жан түршігерлік көріністер және есірткінің кесірінен түрлі жағдайларға өзін өзі жеткізгендерді көрген боларсыздар. Нашақорларға – анасы да, достары да, оқуы да қажет емес. Олардың бүкіл әлемі - есірткі.

Адамзат жер бетінде "нашақорлық" деп аталатын зұлымдық жайлаған уақытта өмір сүруде. Есірткі заттары адам ағзасына ауыр психикалық және физикалық әсер етіп, есірткі қолдануға құмарлық тудырады. Алайда көпшілікті "қорқыныш" сезіміне баулитын заттар, жас балаларды қызықтырып, көбісінің өміріне «балта шабады».

Қазіргі таңда нашақорлық мәселесі - ең маңыздыларының бірі болып табылады. Адамдарды нашақор болуға ешкім мәжбүрлемейді, тек қорқыныш пен алдау әрекеті арқылы тұзаққа түсіреді. Бағасы қымбат есірткіден делдалдар  үлкен пайда көреді, оларға  сатып алушылар қажет, ал нашақорлар есірткі үшін  кез-келген ақшаны беруге дайын. Сондықтан, жаңадан бастаушыларға бұл улану тегін ұсынылады.

Нашақордың ащы өмірі, ол - қираған армандар мен мақсаттар, шынайы достықты білмеу, азаптанып өлу. Әдетке айналған зиянды тәуелділік адамды басқарып, есірткіні тағы да, тағы да талап ете береді. Есірткіні қолданатын адам өзіне өзі көмектескісі келмесе, оның өмірі құрдымға кетеді. Алайда олардың ойынша – есірткі қабылдауды кез келген уақытта тоқтата алады.

Өмірде көптеген құндылықтар бар - отбасы, достар, денсаулық, оқу және өмір мен табиғаттың барлық сұлулығының ашылуы. Қаншама  адам, уақыт пен күш аямай, зұлымдықпен күресіп, аталмыш құндылықтарға қол созады.

Нағыз Адам болу үшін – өз-өзін жетілдіру, білім алып, жаңа және белсенді өмір позициясын игеру керек. Нәтижесінде адам өмірі қызықты және бай бола түседі. Әрбір ата — ана өз балаларына күш - қуатын сыйлап, тәрбиелейді. Ұстаздар - білім беруге ұмтылады. Сондағы барлығының күтетін нәтижесі  - лайықты азамат, лайықты ұрпақ тәрбиелеу.

Өмірдің - өз мақсаты бар. Бақыт немесе бақытсыздық құпиясы  - әркімнің өмірінің осы мақсатқа сәйкес келетінімен тікелей байланысты.

Мен, Қазақстан Республикасының азаматшасы , ана, ұстаз ретінде  елімнің келешек жарқын ұрпағы салауатты өмір сүріп, оқып-өніп,  армандап, жетістіктерге жетуін қалаймын, сондықтан барлығын салауатты өмір салтын таңдауға шақырамын.

Біздің қоғам азғындық және немқұрайлылықпен күресіп, мейірімділік, махаббат, сенім деген мәңгілік құндылықтарды бекіту қажет. Біз бәріміз есірткінің адам өміріне қаншалықты зиянды екенін түсінуіміз керек.

Есірткі - зұлым!  Әрбір саналы адам мұны түсінеді. Ең бастысы - дер кезінде «жоқ» деп айту. Адамның мықты ішкі өзегі болу керек! Күшті рух болу қажет! Адам - жеке тұлға, ал жеке тұлға – өзінің даралығын көрсете білу керек! Есірткіге жол жоқ! Дана бол! Өмір керемет! Мен  өмірді  қалаймын! Ұстаздар есірткіге қарсы!

 

Сейфұлмәлікова Айдана   Талғатқызы

Қызылорда қаласы

Б.Ермекбаев атындағы

№ 271  орта мектеп ұстазы

 

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына 

@upndpkzo