Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қазақ ырым етеді, ырымы қырың кетеді

Қазақ ырым етеді, ырымы қырың кетеді

Қазақ ырым етеді, ырымы қырың кетеді

Үйдегілермен кешкі асымызды ішіп отырып, байқаусызда қолымнан шанышқым түсіп кетті, үйдегілер шу ете түсті: «Ойбай, қазір қонақ келеді!». Тамағымызды ішіп болып, шай қойдық, шәугім өзінен-өзі қатты дауыс шығарып, ысылдай  жөнелді, тағы да сол әңгіме: «қонақ келе жатыр!». Содан не керек көзімізге әбден ұйқы тығылғанша сол қонақтарды күтумен болдық. Келген қонақ жоқ.

Ойландым. Осы ырым туралы әңгіменің шеті шыға қалса, «біздің қазақ ежелден ырымшыл халық» дейміз де қоямыз. Ал бұл сөздің түп мағынасына үңіліп жатқан ешкім жоқ. Ырымшыл ма, ырымшыл! Есімде ауылда апаларымыз, сорпа құятын кіші ожаумен су іше қалсаң, ойбай күйеуіңнің мұрыны ұзын болады екен, үстелдің бұрышына отырма, жілік ұстама,  кәрі жілік жеме – күйеуге шыға алмай қаласың деп жататын. Үстелдің бұрышына жүз мәрте отырса да, жіліктің көкесін ұстаса да сол кездегі әпкелеріміз бүгінде отбасын құрып, балалы-шағалы болып отыр. Ине жіпті ұзын қылып сабақтасаң, «ойбуууй сен Қоқанға тұрмысқа кетіп қалайын деп тұрсың ғой», -дегенді де естіп өстік.


Ал, аптаның күндеріне байланысты ырымдарды сіздің де білетіндігіңізге күмәнім жоқ. Сейсенбіде жолға шықпа, іс-жұмыс бастама, Жұма күні кір жума, тырнақ алма, анау күні бүйтпе, сөйтпе... Мұның бәрін орындай беретін болсаң апта бойы аяғыңды аспанға көтеріп бос жататын сияқтысың.

Нанның қиқымын жесең, бай боласың! Осы ырымға рахаттанып тұрып күлкім келеді. Нанның қиқымын жеп жүрген Қазақстандағы 16 миллионға жуық халықтың барлығы неге миллионер, миллиардер болып кетпейді екен?! Бұрын ауылда бір сіңілім шайының бетіне шыққан көпірікті «ооо, мен баааай боламын» деп шашына жағып отыратын. Бір жеңгеміз "тұз шашылып қалса, "өмірің ащы болады" деп үстіне қант шашып жататыны есіме түсіп кетті.


Айта берсең, мұндай қисынсыз ырымдар өте көп... Басың айналып кетеді. Бір әңгіме айтылып жатқанда, біреу түшкіре қалса, «ооо,рас екен» деп жатады. Тап бір ол адамның түшкірігі сол әңгіменің айтылуын күтіп отырғандай. Қай жағынан қарасаң да ырымдарға сене алмайды екенмін. Бірақ, айналамдағы адамдардың барынша сеніп, солы ырымдарды орындап жүргендеріне қарап, бәлкім меніңкі дұрыс емес шығар деген ойға қаламын.

Дана  Абай айтқан екен «Қазақ ырым етеді, ырымы қырың кетеді» деп. Сөздің төркініне үңілсеңіз, Абай ырымдарға сенбеу керек екендігін айтып отыр. Абайға не айтасыз? Келісесіз бе? Әлде, басқа айтарыңыз бар ма? Ой бөлісіңіз!

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 12 шілде 2012, 14:05
Тегтер: қазақы ырым-тыйымдар, ырымдар

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.