Өлгім келеді....

Өлгім келеді....
жеке
блог

Қазіргі таңда көп жастар’’өлгім келеді”- деп, жиі айтып жатады.Бұл ой неден келеді?.Не себепті қазіргі таңда өз- өзіне қол жұмсау өте көп?.Менің ойыма осындай ойлар  11сынып оқып жүргенде келген.Соңғы бітіруші сынып кезде өлім жайлы ойлар кездесуі мүмкін.Себебі, ҰБТ- ның кезеңі,мамандық таңдауда,сабақтағы қиыншылықтар осылардың барлығы адамды депрессияға әкеліп соғады.Мамандық таңдауды 11-шы сыныпқа дейін  шешіп келдім,бірақ ата- анам қарсы болды.Мен қатта қиналып ҰБТ-ға қатыспаймын деп шештім.Бірақ тағы әке- шешем қарсы болды,оған қоса сабақтарымда  қиыншылықтар болып өмірден қатты түңілдім.Мені ешкім тыңдамайды,ұнатпайды,жақсы көрмейді деп ойладым.Мен ештеңе ойланбай өлгім келді.Бірақ,кейін бұл ісімді ақымақтық деп шештім.Себебі,қасымдағы достарым,ата -анам,бауырларым маған тек жақсылық ойлайтынын түсіндім.Егер мен сол кезде өз- өзіме қол жұмсап немесе ҰБТ тапсырмай қырсығып қалғанда қазіргідей көп достармен танысып,өмірдің қызығын түсінбес едім.Қазір қатты қуанамын!Себебі,Алматы қаласында белгілі универсиетінің студенті болып жүрмес едім.Менің осыдан ой түйгенім” қазіргі жастардың көбісі қиындық көрмеген ,оған қоса барлығы бір үйдің еркелері болғандықтан, сәл қиындық туындаса өлгім келеді дейді.Бұрынғы кезде жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау өте аз болған.Ол кездегі өмір мүлдем қиын болған тамақ болмай,оқуды барлығы оқи алмаған,киерге киім таппаған, бірақ сол кездегі өмір сүрген кісілер қазірдің өзінде, сол кездер керемет еді деп  айтып отырады.Сол себепті,көп жастарға айтарым кез келген істе ойланған жөн.Өлімге асуғудың қажеті жоқ, олда бір күні өзі келеді......”