Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып
жеке
блог

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

"Есірткісіз өмір ғажайып"

Өмір-адам баласына бір-ақ рет берілетін қымбат сый.Сондықтан өз өмірімізді бағалай білуіміз қажет.Өмір-теңіз,тағдыр кеме іспетті,кемең суға батпауы үшін өзің капитан болуың керек.Өмір ғажайып,керемет әлем!

Адамның мəнді де,ұзақ өмір сүруіне басты көзі-оның денсаулығы.Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.

Қазір қоғамдағы басты тақырыптардың бірі-нашақорлық.

Есірткі-адамға кері әсерін тигізіп,адамның бойын ластайтын улы тамшы.Есірткі-өлімге апарар жол. Нашақорлық құмарлық,тəуелділік сөзінің бейнесі секілді.

"Адам өмірі дөңгелекті арба секілді,қатты жүріп бара жатқан арбаның сені қай бұрылыстан түсіріп кетері белгісіз".Сондықтан да есірткінің зардабы қай жерге дейін апарары беймəлім.Өмір керемет сүре білген адамға .Бірақ оның  қадірін білмейтіндер қаншама...

Баға жетпес өмірін бір сəттік рахат үшін,адамгершілік,ар-ұятын ысырып қойып айырбастап кететіндері өкінішті.Нашақорлық өмірдегі қиындыққа шыдамаған, сәтсіздікке төзе алмаған адамнан шығады.  Бір рет шегіп немесе иіскеп көрген адамның нашаны өз еркімен тастап кетуі мұң.

Қазірде есірткі пайдаланатын   жастардың көбеюі өте өкінішті...

Жастардың есірткіні қолданудың себептері:қызығушылық,қоршаған ортаның кері əсері,отбасындағы проблемалар,əуестік.Бір рет көретін сосын тастаймын деп ойлау үлкен қателік.Бір рет көрудің өзі өміріңнің ажалға əкелуіне үлкен септігін тигізері анық.

Нашақорлық-ата-анамыздың көз жасы.

Нашақорлық-қылмыскер атануыңа апаратын тіке жол.

Біз өз өміріміздің суретшісіміз!

Өмір-қас-қағым сəт,кірпік қағумен тең.Сондықтан өз өмірімізді бақытты да,мəнді өткізу өзіміздің қолымызда.«ӨМІР» атты кемеде қатарыңнан қалмай жолыңда кездескен қиындықтардың барлығын да жеңе білу керек.Мен өмірді сүйемін!

Өмірбек Ділназ Даниярбекқызы
Қызылорда облысы
Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 гимназия