Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лондон олимпиадасы туралы мистикалық аңыздардың астарында не бар?

Лондон олимпиадасы туралы мистикалық аңыздардың астарында не бар?

Лондон олимпиадасы туралы мистикалық аңыздардың астарында не бар?

Соңғы кездері Лондон олимпиадасына қатысты аңызға бергісіз мистикалық әңгімелер көп айтылып жүр. Әсіресе тосын табиғат құбылыстары мен астрономиялық түсініксіз жайттар туралы әпсана көп. Дәл осы байрақты бәсеке қарсаңында жұмыр жердің халқы магнитті дауылдар, аспан әлеміндегі жұмбақ шұғыла-сәулелер секілді адам түсініп болмайтын жайттарға куә болатын секілді. Осыдан тура бір жыл бұрын «Утро.ру» сайты астрономдардың «күн белсенділігінің күрт артқанын соның салдарынан күн тәжінен бөлінген магнитті дауылдардың кесірінен жер бетіндегі күллі ақпараттық жүйе істен шығуы мүмкін. Бұл өркениет атаулыға үлкен соққы болады!» деген дабылын жариялаған болатын. Ең қызығы, магнитті дауылдар шабуылының ең белсенді кезеңі 2012 жылы Лондон қаласында өтетін жазғы Олимпиадамен тұспа-тұс келетін секілді. Осының салдарынан күллі компьютерлік жүйеге зиян келіп, спутниктер біраз уақытқа хабар тарата алмай қалмақ. Осылайша адамзат баласы олимпиада ойындарының тікелей көрсетілімін көре алмай қалуы бек мүмкін», – деп жорамал жасады. Бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа сай келетінін уақыт көрсете жатар.

Ал енді аспан әлеміндегі жұмбақ шұғыла-сәулелерге қарай ойыссақ. Кейбір ғалымдар бұны магнитті дауылдардың әсерінен болатын табиғат құбылысы деп түсіндіріп отыр. Астрономдар дәл спорт додасы қарсаңында болмаса да осы жылдың қыс мезгілінде күн бетінен бөлініп шыққан магнитті дауылдар салдарынан ғаламшарымыз түгелге жуық поляр шұғыласына оранады дейді. Дегенмен, жер бетінің көп бөлігі магнитті дауылдар шабуылына қарсы жүйемен жабдықталғанын да естен шығармаумыз қажет. Ал бұндай жүйе орнатыла қоймаған жердің оңтүстік және солтүстік полюс халқы бірнеше апта бойы ғасыр ғажайыбына куә болатын секілді. Алайда бұндай ғажайыптан алған әсерлерін адамдар жердің басқа нүктесіндегі туысқандарымен бөлісе алмайды. «Өйткені,  дәл сол уақытта жердің оңтүстік және солтүстік полюсінде бірнеше апта бойы интернет торабы мен спутникті байланыс жүйесі істен шығады», – дейді астроном ғалымдар. Айтпақшы, «ақырзаман – 2012» дақпырты тағы бар. Бұл туралы сөз қозғамай-ақ қоялық.

Алайда соңғы кездері бұдан да күдікті әрі қорқынышты жайттар айтыла бастады. Ғаламтор бетінде Лондон олимпиадасының бойтұмарларына қатысты пікір талас өршіп-ақ тұр.  Әдетте спорт тарихында олимпиада символы ретінде жануарлар таңдалып алынады. Соның ішінде адамға ерекше әсер сыйлайтын барыс, дельфин, қонжық секілді сүйкімді жануарлар болады. Ал бұл олимпиаданың символы – Венлок пен Мандевиль – мүлдем оғаш тіршілік иесі. Мифтик бейне деуге де келмейді. Құбыжық деуге болады. Бірі басында пирамида (!) тәріздес тәж, екіншісі қамал бейнесіндегі бас киім киген жалғыз көзді қос бейне. Көзі қарақты оқырман пирамида мен 13 қатардан тұратын қамалдың «әлемдік үкімет» деп аталатын құпия ұйым – масондардың белгісі екенін жақсы түйсінеді. Ендеше бұндай масондық белгілердің әлемдік деңгейдегі бәсеке – олимпиадаға қандай қатысы болуы мүмкін. Әрі жалғыз көзді қос тажалдың атауының өзі – күдікті көрінді. Ғаламторды ақтарып отырып, Wenlock сөзінің «шіркеудің әулие-әнбиесi, жебеушісі», ал «mandevil-дің» көне француз сөзінен алғанда – «ұлы қала» немесе үлкен оқиға болатын аймақ және  жасырын уақыт деген мағына беретінін көріп жағамызды ұстадық.

Олимпиаданың логотипындағы «2012» санының да цифрдан гөрі «Zion» сөзіне қатты ұқсайтыны кезінде үлкен дау тудырды. Сион сөзі Иерусалим қаласындағы дәстүрлі еврейлік белгінің атауы секілді. (Тағы бір деректерде «Zion» сөзі Иерусалим қаласының атауы)  Осыны дер кезінде аңғарған Иран Ислам Республикасы осы жылдың наурыз айында Лондон Ойындарына бойкот жариялаған болатын. Кей деректерде құбыжық бейнесіндегі осы таңба мен бейнероликті ғаламтордан көрген көптеген адамдар жүйке ауруын шалдыққаны туралы айтылып жүр. Бірақ бұл да нақтыланбаған жайт. Венлок пен Мандевилдің бейнесін британдық «Wolff Olins» брэнд-дизайнерлік фирмасы жасап шығарыпты. Бұл фирманың  негізін қалаған адам –  еврей жұртынан шыққан Уолли Олинс атты адам. Ол күллі үрім-бұтағы, тұқымымен масон болған көрінеді.  

Тағы бір күдік тудырып отырған мәселе – байрақты бәсекенің Англияда өтуі болып тұр. Тұманды альбионды әлемдік деңгейдегі спорт бәсекесін өткізуге құқы бар зайырлы мемлекеттің бірі дегенімізбен  ресми Лондон масондық ұйымдардың негізгі ордасы саналады. Аса құпия ложалардың біразы осы елмен тікелей байланысты болып жатады. Оның үстіне бұл бәсеке олимпиадалық есеп бойынша, отызыншы ойын. Әдетте халықаралық стандарт бойынша, бұл реттік нөмiр римдiк цифрмен жазылады. Яғни XXX (Үш икс) болып шығады. Әрбір оқиғадан құпия астар іздейтін мамандар өзге емес дәл отызыншы олимпиаданы өткізу бақытының Англияға бұйыруының өзі кездейсоқтық болмаса керек деп отыр. Кейбір батыстық басылымдар «үш иксті» ібілістің санын білдіретін 666 яғни «үш алтылықтың» құпия бейнеленген нұсқасы деп жазып үлгерді.

Тарихқа үңіліп көрсек, алғашқы кездері олимпиада атты дүбірлі доданың  түпкі мақсаты болғанын байқауға болады. Жарыстардың барлығы да бастапқыда спорттық шара емес, Аполлонға, яғни Ібіліске табыну мақсатында жасалған дiни жоралғылары болды. Бүгінде сол секуляризм мен толықтай оккульттік былыққа айналған бұл діни сипаттағы жоралғы тек спорттық ойын ғана емес, әлеуметтік, саяси астары бар оқиға ретінде әлем елдерінің басын қосып келе жатқан әлемдік шараға айналып кеткеніне бір ғасырдан асып барады. Оның үстіне Олимпиадалық қозғалыстың негізін қалаушы Пьер де Кубертен масондық ұйымдардың белді мүшесі болғаны тарихтан белгілі. Осыған қарап, кейбір құпия ұйымдарды зерттеушілердің «Олимпиадалық ойындар ең алдымен, әлемдік ұйым құрудың алғашқы қадамы болды. Олимпиаданың ресми символы – құрлықтар. Эмблемадағы 6 құрлықты сақина етіп, бір-бірімен байланыстыру арқылы әлемдік ұйым құру идеясы шынайы өмірге қадам басты» деген болжамында шындық жатыр ма деген ой келеді. Оларға сенсек, АҚШ долларындағы құпия символдар мен белгілердің символикадан ауысып жаратылыс ретінде көрініс тауып отыр. Яғни турасын айтқанда, Лондон олимпиадасы қарсаңында әлемдік үкімет атты аса құпия ұйым жаңа сатыға қадам басады-мыс!

Оның үстіне Лондон олимпиадасымен Қасиетті Рамазан айының сәйкес келуі де көңілге күдік болып отыр. Бәлкім ұлы жаратушының ислам дініне берік мұсылман елдеріне «бұл бәсекеге бармаңдар!» деген ескертуі болуы мүмкін емес пе? Әрине, ондай жайттан бетін аулақ қылсын дейміз.

Айтпақшы, жақында «Маса.кз» сайты туристерге толы Лондонда үлкен теракты болуы мүмкін деп жорамал жасапты. «Ядролық  немесе биологиялық қару пайдаланады. (Адам санасына өзгеріс әкелуі де ғажап емес). Нәтижесінде көптеген құрбандармен Лондонның бір бөлігі зардап шегеді. Сол кезде Тажал пайда болып, ес - түсінен айрылған халыққа қол созады. Оның кереметін көрген халық соңынан ереді... Процестер жалғаса береді...», – депті.

Масон демекші, бұндай құпия белгілердің соңғы кездері Қазақ елінің астанасында да қаптап кеткені айтылып жүр. Ғаламтор бетінен де «Астана – ХХІ ғасырдағы масондық ұйымдардың ордасы» («Астана – масонская столица 21-го века», «Астана – столица Сатаны. Масоны») деп аталатын түрлі бейне-роликтер көбейіп кетті. Оларға сенсек бас қаламыздың көрікті жерлері, әсіресе сол жағалаудың  архитехтуралық ерекшелігі әр түрлі ложалар мен массондық ұйымдарға тән құпия символ-свастикалармен «өрнектеліп» жатыр-мыс. Сол жағалауда орналасқан «Самрұқ тауэрс», Ақ орда және Бәйтерек монументі мен Яхин мен Боаз колонналарының ортасында жарқырап тұрған дельтасы бар масон сызбасынан өзара ұқсастық «тауып» шулап жүргендер баршылық. Әрине бұның барлығын да кездейсоқтық деп бағалаймыз. Десе де, қытайдың әйгілі философы Конфуцийдің «Әлемді түбінде сөз бен әділ заң емес, құпия таңбалар мен символдар билейді деген сөзін ескерсек, көңілге кірбің ұялайтыны тағы бар.  

Көгілдір экранға үңілген жұрттың бәрі біледі. Батыс жұртының «Қара бетперделі Зорро» деген  атақты фильмі бар. Сол фильде басты кейіпкер Зорроның өзі жаулап немесе жүріп өткен жеріне көрген жұрттың есін тандыратын «Z» деп белгі соғып кетпейтін бе еді? Бұдан әрине, Алаш даласын масондық ұйымдар жаулап алды деуден аулақпыз. Бірақ, «сақ болыңдар Алаш даласына біз де келіп-кетіп жүрміз!» деген ескертуі мүмкін емес пе екен?

1567 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 12 шілде 2012, 11:19
Тегтер: лондон олимпиадасы, 2012, масон
Пікірлер
+0
12 шілде 2012, 11:54

Меніңше, бәрін халықтың санасы жасап отыр ) Ештеңе де болмайды, жылдағы Олимпиадаларша өтеді-кетеді. Символдардың астарына үңілудің қажеті жоқ-ау )) Ал болып жатса, кезінде көрерміз ))

+0
12 шілде 2012, 14:29

Меніңше де солай, дүрліге берудің қажеті жоқ сияқты

+0
12 шілде 2012, 11:58

әріптер көп екен, көрдімда шошыдым.

+0
12 шілде 2012, 11:59

әріптердің бәрін оқуыңызға кеңес беремін, негізі өте қызықты жазба ;)

+0
12 шілде 2012, 12:00

оданда мағам қысқа нұсқа қып түсіндіріп бересаш, а???

+0
12 шілде 2012, 12:17

Неде болса келіп қалды,көріп алармыз.

+0
12 шілде 2012, 12:19

«Әлемді түбінде сөз бен әділ заң емес, құпия таңбалар мен символдар билейді", ақыры билейтін болса орталығы біз болғанымыз жақсы емес пе?)))) :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев