ӨМІРДІҢ ӨЗІ ЖАЗЫЛЫП ҚОЙҒАН СЦЕНАРИЙ

ӨМІРДІҢ ӨЗІ ЖАЗЫЛЫП ҚОЙҒАН СЦЕНАРИЙ
жеке
блог

Мектепте оқып жүргенімде, ұстаздарым "Абай жолы" роман эпопеясын оқуды тапсырды. Көз майымды тауысып, оқып шықтым. Түсінгенімнен түсінбегенім көп. Сонда, Ұстазым, ертең өмір өз иірімімен осы кітаптың мазмұнын түсіндіреді деген еді. Оқиға бұл тақырыпқа қатысты емес. Бірақ, есейгенде түсінесің дегені тура айтылған.

 Жасым 26 ға келді. Ойын баласы ұқсап, концерттер мен семинарлар да, кешкісін той думан да жүргізуші болдым. азды-көпті тұрғылықты жерге атым да шыға бастады. Кімсің? Айдармын. Мәселенің мәнін май шам жағып қарайын. Осылайша, тентек болып жүріп, үйлендім. Өмірім жайнай түскендей. Келіншегім тұңғышыма жүкітімін дегенде өзіме өзім сенбедім. Айлар өтті. Баланың денсаулығын тексертуге дәрігерге қаралғанда баланың жүрегінен ақау шықты. Алдырту керек. Алланың алдында, берген перзентінің өмірін қимадым. Тәуекел. жарығы болса көреді. болмаса қайта қайтады. Осылайша Тоғыз айда зырғып өтті. Алматы, Шымкент, Астана, Түркістан тіпті бармаған жеріміз қалмады. Бала дүниеге келгенде, әке болдым деп қуандым. Бірақ, дәрігерлердің айтқаны айдай келіп, балаға гипоплазия синдромы деген диагноз қойылды. Баланың жүрегінің жартысы жоқ. Тез арада жүректі ауыстырмаса баланың жүрегі тоқтайды. Осылайша, қайтадан жан жақа телефон шалып, емін жасатудың жолын іздедім. Оны Үндістанда жасайды екен. 17 млн теңге. Тіпті, соққы болды. Осылайша, өз елімде емдетемін деп шештім. Бұрында қарапайым отбасында дүниеге келген менде ондай ақша қайдан болсын. Жергілікті жерде емдетуді бастадым. Бизнес бастаймын деп жобаға құямын деп дайындағам ақшаны құйып жібердім. Бала өмірден өтті. Арада бір жылдан астам уақыт өтсе де қарызды әлі күнге жаба алмай келемін. 5 млн ақша қалды. Мазалаған телефон қоңыраулары, бауырым дегеннің артыңа адам салып, шын мазаңды алғанда, тіпті берекең қашады екен. осылайша, тоқ бала аш баламен ойнамайды деген жолға сап ете қалдым. Ата-анамның қиналғанын көргенде, тіпті, жігіт болып туылғаныңмен, бір сынақты игере алмай жатқаныма өзіме қатты сын қойдым. Жұлдыздардың инстаграмына дайрект арқылы жазамын. Тәуірі барма? бәрі қолдағыш, иманды жан сияқты еді ғой деп. Туғаның көмектеспегенде, сырттағы адам қалай көмек береді деп ойлайсың? Істейтін ісімнің алдында қарыз тұр. Мүмкіндік болса, мүлдем қарыз алуды ешкімге тілемес едім. Досың дұшпаныңа, дұшпаның күлкісіне қалған күнніңді көргенде қынжылады екенсің. Үмітім бір Аллада. Қолдау көрсетіп, жақсылық жасап жүрген жандардың бәрі ертегі әлемінде сияқты. Ол, Алланың үкімі. басыңдағы бағыңды, қолыңдағы барыңнің қадірін түсіндірем десе бір сәтте екен. Біреулер, құмар ойын ойнап жүрсің деп те айтқандар болды. Құмарлыққа құмарлығым жоқ, оның жолында білмейді екенмін. Алла өзі қолдасын. Не айтасыз? қол жайып ақша беріңдерш деп айтуға намысым жіберген емес. Уақытша ауысыңдарш дегенім болды. Сіз қандай кеңес айтасыз? бағытымда, жолымда жабылып қалғандай күй кешудемін.!