жеке
блог

Білім мен болашаққа жол ашқан ҚазҰУ

   1934 жылы еліміздегі ең алдыңғы қатарлы оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің іргетасы қаланған болатын. ҚазҰУ - сапалы білімнің қара шаңырағы, бәсекеге қабілетті, QS рейтингі бойынша ең үздік 800 жоғары оқу орындарының ішінде 165-ші орынға ие университет. Бұл деңгейге ТМД, СНГ елдері бойынша ешқандай оқу орны кірмейді.

   Жалпы өмірде әр адамның белгілі бір арманы бар. Кей уақытта сол арманға жету үшін көптеген кедергілерден өтіп, қиындықты бастан кешіруге тура келеді. Барлық бітіруші түлектер сияқты менің де бірқатар армандарым болды. Солардың бірі - балғын балалық шақ, мектеп қабырғасын тәмамдап, жоғарғы оқу орнының студенті атану. Сол арманым айқын мақсатыма айналды. Сөйтіп, Алланың қалауымен ҚазҰУ-дың студенті атандым. Бұл менің таңдауым. Армандарымның бастамасы. Маған осы университет қабырғасында білім алу бақыты бұйырғанына ризамын. Енді жақсы білім алып, керемет маман иесі атанып, болашағымды жарқын етіп, еліме пайдамды тигізу менің қазіргі мақсатым.

   ҚазҰУ университетіне түскен кез-келген студент өзіне сұрақ қояды: "Не үшін ҚазҰУ-ды таңдадым?".  Мен оған былай жауап қайтарар едім: "Біріншіден, ҚазҰУ - сапалы білім орталығы, екіншіден, ҚазҰУ - еліміздегі ЖОО-ның элитасы. Студенттік шақты қызықты өткізуге бұл жоғарғы оқу орнында барлық мүмкіндіктер жасалған: түрлі ұйымдар, жарыстар, басқосулар жиі ұйымдастырылады. Иә, бұның бәрі де рас, ҚазҰУ барлық жалынды жастардың арманын орындайтын мекен. Еліміздің ең үздік білім ордасы, қарашаңырағы. 

ҚазҰУ-ға түскен әрбір студентке қолайлы жағдай жасалған. Себебі, әл-Фараби кітапханасы, интернет орталығы, ғылыми орталық, Керемет СҚҚО, барлығы да студенттің игілігіне жұмыс жасайды.

   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, "Болашақ - жастардың қолында", олай болса ата-анамыздың, еліміздің үмітін ақтап, білім алып, аянбай еңбек етіп, еліміздің елеулі азаматы атану біздің борышымыз.

                        Қытайтану кафедрасы, шетел филологиясы мамандығының 3 курс студенті - Бекбергенова Аяжан

                                                                                                                           Жетекшісі: Шәріпқазы Нұртәліп

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда