Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Сарбаз болу әр жігітке жарасады!

Сарбаз болу әр жігітке жарасады!

Сарбаз болу әр жігітке  жарасады!

   

ҚР "Ұлан" ұлттық гвардиясы - мен үшін еліміздің әрбір ер жігітін нағыз азамат, тегеурінді тұлға ретінде қалыптастыратын, темірдей тәртіп пен адал жүректі болуға тәрбиелейтін бірден-бір жоғарғы орган. Ия, солай деп есептеймін. Ұландық сарбаздар  кірпік қақпай сапта тұрып, тайбурылдай тебініп қадам жасағанда кімді де болса таңқалдырады. Басқалардан бір ерекшелік бар әйтеуір, тартымды. Әттең, барлық жігіт сол жерде сап түзеп, елге, жерге деген сүйіспеншілігін сезінсе. Бірақ, ол жердің табалдырығынан аттау, "Ұланның" сайыпқыран сарбазы атану екінің біріне бұйыра бермейтін бақ.

    Сыныптасым 2 жыл бұрын Отан алдындағы борышын "Ұланда" өтеп, жігіттің "сұлтаны" болып оралды. Келгенде оған ауылдағы жігіттердің іс-әрекеті, сөйлеген сөздері, қисық қалжыңдары ерсі көрінді. Салмақты, сабырлы, тіп-тік дене бітім. Достары ерекше сәнделген сарбаздың формасын кезек-кезек киіп, суретке түсіп абыр-сабыр болды. Таңға дейін әңгімелерін сұрап, ол жақтағы маңызды жағдайлармен бөлісті. Сол кезде байқадым, "Ұланның" қадірін. Міне, содан бері менің де інім "Ұланда" борышын өтейді деген тілекпен жүрдім.

    Ол кезде Думан студент болатын. Ол үйдің жалғызы, үйдің тірегі. Оны жалғыз бала деп маңдайынан сипап, бетіне мөлдіреп қарап отырмады ата-анам. Еңбектің соңында өсті. Ауылдың бар тірлігі соның мойнында, әкесінің қолқанаты. Таң ата қыбырлаған тірлікке кірісетін оған жаным ашып, бір жағында жүргенді құп көретінмін. Оқуын бітіргесін жаныма жұмысқа тұрғыздым. Көз алдымда жүрсін дедім. Ол түнде далаға кетіп қалса (ауыл жігіттерінің әдеті ғой, кешке көшеге кететін) жат қылықтарға әуес болатын болдың деп, кәдімгідей ренжіп, зекитінмін. Садық, Еркебұлан сияқты блогтар жазбайсың деп те ренжимін)). Қысқасы, идеал жігіт болсын деген тілегім күн санап өсе берді. Сәл қит етсе, ренжіп, ыза болатынмын. Күнім-ау, сөзімді қайтарып, мені жерге қаратқан емес. Үстіміздегі жылдың көктемінде кезекті әскерге шақыру кезеңі басталды. "Әскерге құжатыңды тапсыр" деп қалдым бір шәй үстінде. Зауқы соқпайтындай кейіп танытқандай болды. "Барасың, Ұланға дайындаймыз құжатыңды" деп едім, алып-ұшып дайындыққа кірісті. Басталды, таңмен таласа медкомиссиясы бар, басқа да құжаттары бар, сапырылысу. Ауылдың бұрыш-бұрышын қоймай, облысқа тексерілуге шапқылады. Қатардағы әскерге кететіндер кетті, менің інім табанынан тозды, бітпейтін медкомиссия. Облысқа кезекті шақыру, хабарлассам:"бітті ертең кететін болдым, бірақ Ұланға емес". Менің қанымның басына шапқанын көрсеңіздер ғой, кімге, неге ренжитінімді білмеймін. "Ұлан" еді ғой менің арманым. Тас-талқан болған арманым-ай!Жолымның болғаны, облысқа іс-сапарым болып, кешке пойызға мінуіне шығарып салуға мүмкіндік болды. Әбден толқыдым, таксиде отырып, қатардағы әскердің жайынан құлағдармыз дегендей. Бекер-ақ бар дедім. Барған соң звонда дедім соңғы сөйлескенде, пойызда болатын. Сода кейін телефон сөндірілді.

    Жаман екен, хабар-ошар жоқ. 2 апта өтті, военкоматқа бардым, "қайда менің інім?" деп. Сол кездегі уайым мені жеп қойды-ау. Интернеттен бір жола бас тарттым. Қиналып, әскердің қалт етсе қағып түсіретін тәртібіне үйрене алмай, мені кінәлап жүрген болар деймін да сандалып. Жоқ, ойларым мені босқа қажытыпты. Құдайға шүкір, 1 жарым айдан кейін звондады-ау құлыным. Аузыма "күнім, жаным, ботахан" дегеннен басқа сөз шықпай әбден әбігерге түстім. "3 күннен кейін ант қабылдау рәсімі өтеді, келе аласың ба?" деді. Ол үйренген, қашанда менің оны қолдап жүретініме. Сүйіншілеп, үйге айтып, арқаны кеңге салдым-ау. Жұмыстан жібермесе де,  Алматы қаласындағы жас сарбаздар аэроұтқыр әскерінің сарбазы атанып, ант қабылдаған баласының салтанатты рәсімін көріп келген ата-анам үшін сондай қуандым. Бүгінгі күнде Думантайым салмақты сөз саптап, азамат болып Отан алдындағы борышын өтеп жүргеніне мәз боламын. Дегенмен, "Ұланға" ауыстырып жіберсе деген болмайтын ой да санамнан өшер емес. Бірақ, қайда?! 

Сарбаз болу әр жігітке жарасады, тек мазаларын қырдай қылмай, әскерге аттандырса игі. Сарбаздар аман болып, көздері қырағы, күштері қуатты болсын!

4104 28
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 10 шілде 2012, 21:00
Тегтер: әскер, ҚР, жігіт, сарбаз
Пікірлер
+0
11 шілде 2012, 09:28

Іштегі бар сағынышыңды жазбаға түсіріпсің, Нұрзияш. Оқып отырып толқып кеттім. Мен де саған тілекшімін. Өзіңнен аумай қалған Думан інің әскери борышын абыроймен өтеп, аман-есен оралсын.

+0
11 шілде 2012, 09:58

Әмин, жаным, көп рахмет!!!

+0
11 шілде 2012, 09:29

Інім жоқ әскерге баратын. Ағаларым болса барып келген. Содан шығар, әскерге кетті, әскерден келді десе ерекше мәз боламын. Сарбаз болуға не жетсін! Аман-есен болса игі

+0
11 шілде 2012, 10:00

ия, сарбаздар аман жүрсін!

+0
11 шілде 2012, 09:42

Сағынышың қаламның ұшынан төгіліпті. Әдемі!!! Менде інімді қатты жақсы көремін. Екеуміз бірге тұрамыз. Бірақ біздің әскердегі жағдайларды естіп барғанын қаламайтыным рас. Көз алдымда жүрсінші деймін. Әрине, "Ұланның" сарбазы болып жатса кәнекей! Сарбаздарымыз аман болсын!!!

+0
11 шілде 2012, 10:02

арманым сол "Ұлан" еді, әйтпесе "әскерге бар" деп айтпас едім)) дегенмен, шүкір қазіргі бөлімшесі де жаман емес екен

+0
11 шілде 2012, 11:14

Менің де жалғыз інім бар, бәріміз үміт күтіп бетіне қарап отырмыз...ЭЭЭх, біз ғана емес, елі мақтан тұтар азамат болса екен... :(

+0
11 шілде 2012, 11:16

Тілегіңе жет, Айгерим!

+0
11 шілде 2012, 11:28

Әумин!!"Рахмет!

+0
11 шілде 2012, 11:56

Толқып кеттім ғой. Әскери адамдар ұнайды маған. Әскери киім киіп жүрсе, мүлдем құлап қалам "сынып" :D Інің әскерден оралған соң, сені, бүкіл отбасыңды қорғайтын болады әлі :)

+0
11 шілде 2012, 12:05

Інісіне сынып тұрсың-ау шамасы ;)

+0
11 шілде 2012, 12:09

қателестің )))

+0
11 шілде 2012, 12:20

қалжың ғой, сонда саған формасы ұнайды ма? :?:

+0
11 шілде 2012, 12:25

Формасы да, қатаң тәртіппен жүретіндері де, жалпы әскери жігіттердің көп қылтың-сылтыңдары болмайды негізі, сонысы да, сосын Отаным деген жүректері ұнайды :) Тағы қандай сұрақ бар? ))))

+0
11 шілде 2012, 12:33

))) Садко ФМ жақсы еді бұрын, ия...

+0
11 шілде 2012, 12:47

аа Аллай, Аллай! :o Мен негізі әскерге бармаған едім :cry: Маған енді біп минус пе :shock:

+0
11 шілде 2012, 12:50

жоқ, неге минус дейміз)))

+0
11 шілде 2012, 12:52

сіздің минустарыңыз көп қой

+0
11 шілде 2012, 13:57

Қандай минустарым бар сонда? :o ашып айтсаңыз дұрыс болар еді :mrgreen:

+0
11 шілде 2012, 12:14

толқыған жүрегіңнен сенің))) рахмет!

+0
11 шілде 2012, 12:29

міндетті түрде оқып алам, қызық сияқты. Қазір көзім ауырып отыр

+0
11 шілде 2012, 23:34

Нұрзияш, сені жақсы түсініп отырмын. Менің інім де Оралда әсерде. Алғашқы кезде 1 ай хабарсыз кеткенде есіміз ауып қала жаздаған еді. Мамам телефонның шыр еткенін аңдып... әйтеуір хабарласты ғой кейін. Қазір жиі телефон соғып тұрады. Жалпы әскер ер балаларды шыдамдылыққа, тәртіпке үйретеді деп ойлаймын. Сенің інің де, менің інім де ақыл тоқтатып, азамат болып оралса екен! :)

+0
12 шілде 2012, 08:50

Құдай қаласа, Анар!

+0
13 шілде 2012, 15:58

аман есен азаматтық борышын өтеп оралсың ініңіз.

+0
13 шілде 2012, 22:09

Әмин, рахмет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев