СҮЙІНШІ ХӘЛ

СҮЙІНШІ ХӘЛ
жеке
блог

Бүгін мүлде күй кештім, бөтен, ерен.

Шымырлап та кеткендей өте денем.

Бір-ақ сәтте кенелтті шексіз баққа,

Аппақ қыздың дауысы «әке» деген!

 

О, жаратқан! Мың алғыс бергеніңе!

Енді үмітпен қараймын ертеңіме.

«Әке» дейтін қызым бар, алданышым,

Жұбанамын ізімнің ергеніне.

 

Уілдейді, күледі алдамшылап,

Қызық көріп, түремін жайлап құлақ,

Бұл не деген тәтті сөз – «әке» деген,

Өздігімнен мәз болам, қайта сұрап.

 

Бәлкім, деуге келмес те алғашқы сөз,

Қарапайым жәй ғана уіл шығар?

Бірақ, көңіл тербеген бастапқы кез -

Мейіріңді төгетін сүйінші хәл.

 

Фото интернеттен