«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».

Сан салалы тарихтың талай тар жол, тайғақ кешуінен өткен қазақ еді көрмеген қасірет бар ма? Төрткүл дүниенің төбесін қауіп пен қорқынышты әкелген коронавирус та соның бірі болса керек. Қазақ халқы ертеден жомарт,аңғал,еліктегіш және басына төнген қауіпке беріліп сене қоймай "бір Алласын" ауызына алып,уақытында көремізге жиі салатыны айдан анық. Бірақ, "сақтансаң,сақтаймын"-деп бекер айтпағандай әр істе сақтық пен тәртіп керек!

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің берген сұхбатында:

«Қазір «тойың тойға ұлассын» дейтін уақыт емес. Технология дамыған заманда сіз қандай да бір себептермен және мақтаныш істермен айналысуды доғару керек.

Осындай қауіпті пандемия кезінде тіпті біздің кейбір азаматтар маған хат жазып, тойды өткізуге мүмкіндік беруімді сұрайды. Біз қиын күрес кезеңінде тұрмыз. Сондықтан еңбек өмір салты мен басты міндетімізге айналуы керек. Біз енді саналы түрде ойлауымыз керек, той туралы ойламауымыз керек. Бұл ақыл, ғылым, білім және еңбек дәуірі», - деп ашып айтқан болатын. Шыны керек, қазір той тойлайтын уақыт емес. Еліміз төнген қауіптен аман-есен шықсы, тойланар той әлі алда. 

Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды». Демек, Үкімет тарапынан қабылданған шараларды, дәрігер мамандардың кеңесін бұлжытпай орындауға тиіспіз. Тиісті мемлекеттік органдар заң талаптарын бұзған азаматтарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуда. Бұның барлығы адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу үшін жасалып жатқан шаралар.

Егер, тәртіпке бағынбай бей- берекет қоғамдық орындарда жүріп, той-томалақты жасап көпшілікті жинай беретін болсақ бұл вирус өрши береді, орны толмас қайғыға апаруы мүмкін. Карантин ұзаққа созылған жағдайда еліміздің экономикасына да кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Бұл жағдай бізді ғана емес, аяққа нық тұрған экономикасы мен әл-ауқаты дамыған алпауыт мемлекеттердің өзін де алаңдатуы тегіннен-тегін емес.

Қадірменді қазақ елі, осы уақытша қиындықты біз бірге болғанда, тәртіпке бағынғанда ғана жеңіп шығамыз. Ұрпағымыздың амандығы үшін, бауырымыздың бүтіндігі үшін, деніңіздің саулығы үшін жасалып жатқан шараларға қол үшін беріп, жақсы нәтижеге жету үшін ауызбіршілікке келейік!

Бүгінгі таңда өз ісіне қалт­қысыз берілген, нау­қастардың сауығып кетуіне жанын сала жүгіріп жүрген медицина саласының қыз­меткерлеріне қолдау көр­сетейік. Өйткені олардың жұмысы онсыз да қиын. Біздің көмегіміз ауа жайылушылықтан арылып, карантин кезінің қа­таң тәртібіне бағыну. Бұл өзіміз үшін ғана емес, өз­гелердің де аман-сау­лығы үшін ауадай қажет. Мен адам­заттың осынау ін­дет­ті біз болып,сіз болып бірге жеңіп шыға­тынына сенім­дімін. Ал онымен күресте қандай жағдай болмасын өзімізді, өзіміз арқылы айналамыздағы адамдарға қамқорлық көрсете аламыз. Әрқайсымыз жан-жағымызға жанашырлық танытқанда ғана адамзат басына төнген ауыр күндер артта қалады.

Еліміздің болашағы жо­лында баршаңызға амандық пен саулық тілеймін!

                     Әл-Фараби атындындағы ҚазҰУ
Тарих,археология және этнология факультетінің
3 курс студенті
Даутанова Рысгүл



Бөлісу: