Денис Тенге арнау!

Денис Тенге арнау!
жеке
блог

Бақұл бол, жарқын жүзді, арда жігіт,

Сен едің қазағыма ардақ үміт.

Мәнерлеп сырғанаған қазақ үшін,

Азаматтың бірі едің арманы - нық.

 

Елімнің бір туатын азаматы ең,

Бәйгеде алдын бермес қазан ат ең.

Ұқпадым, заманнан ба, адамнан ба,

Бір көліктің айнасы қазаға тең.

 

Біз сені әр уақытта ұмытпаймыз,

Атыңды болашаққа ұлықтаймыз!

Мәңгілікке ұстаймыз жадымызда,

Жадымызда ұстаудан тынықпаймыз!

Ұмытпаймыз біз сені ұмытпаймыз!

 

Қош енді, қош бол, Денис Тен!

Мәңгілікке шығармаймыз сені естен!(02.08.2018ж, 16:05)