Күн жайлы басталсын десеңіз...

  Жақсы көңіл-күйде оянсақ та, егер оянғаннан кейін біз әлеуметтік желілерге түсіп, Интернеттегі жаңалықтарды оқып, жаман таңғы ас ішсек, оны тез арада құрту қаупі бар. Осындай таңертеңгілік нәтижесінде белгілі-бір жұмысқа бейімделу қиын болады


Күннің қаншалықты жақсы өтуі таңертеңнен басталады. Ол үшін мына қағидаларды басшылыққа алу керек:
1-қағида. Күнге ниет жасаңыз.

Бұл күнді қалай сүргіңіз келеді? Қандай ағындарда, күйлерде, эмоцияларда? Сіз нені жүзеге асырғыңыз келеді? Мінсіз таңертеңді іске асырудан сіз осы сұрақтарға жауап таба аласыз. Бұл сізге өмір жолымен жүруге көмектеседі. Өзіңіздің құндылықтарыңыз, миссияңыз бен мағынаңызды еске түсіріңіз.

2-қағида. Денені тазарту.

Бет күтімі, таңғы душ, тісіңізді және тіліңізді жуыңыз. Мұнда сіз қосымша процедураларды қоса аласыз.

3-қағида. Денені зарядтау.

Би, серуендеу, гимнастика, йога, ауырлық дәрежесіндегі кез-келген физикалық белсенділік таңертең қуана-қуана жасай аласыз.

4-қағида. Эмоцияларды бақылау.

Кейбіреулер үшін бұл сүйікті адамымен және балаларымен өтетін уақыт, кейбіреулер үшін бұл медитация, ал кейбіреулері билеу. Бұл бізге эмоционалды күш беретін нәрсені қосады.

5-қағида. Миды жаттықтыру

Логикалық есептер, кітап оқу, жаттығулар-миды саналы-интеллектуалды жағынан үлкен жетістіктерге алып келеды.

6-қағида. Толық таңғы ас.

Таңғы астың құнарлы болуы біздің организмміз үшін үлкен пайда болары анық. Ақуыз бен майларды белгілі-бір мөлшерімен қабылдау керек.


Cонымен қатар, бірнеше кеңестер күнді шуақты қылуға септігін тигізеді :)

 Егер сіз таңертең бір жерге кетуді жоспарлап, бірақ бір нәрсені ұмытып кетуді қаламасаңыз, онда оларды бір күн бұрын, яғи кешке есіктің жанына дайындап қойыңыз.

 Өзіңізге жеке күнтізбе орнатып, өткен əр күніңізді белгілеп өтіңіз. Бұл өміріңіздің əрбір күні өте тез өтетіндігінтүсінуге көмектеседі.

 Ерекше маңызды күндеріңізде, таңғы оятқышыңызды бірнеше минутқа ертерек орнатып қойыңыз. Бұл кейбір бітпеген шаруаны бітіруге септігін тигізеді.

 Ұйықтар алдында өз бөлменізді желдетіп, дайындап қойыңыз, бұл артық болмас



Бөлісу: