жеке
блог

Қыз сынына арналған таныстыру

Армысыздар құрметті,халқым,әлеумет,

Елім де тыныш,жерім де тыныш керемет.

Анамның айтқан ақылыменен сіздерге,

Ибалылықпенен амандаспақпын сәлем деп.

 

Биссимиллиях пенен сөзімнің басын толғайын,

Аң таң қып бәрін тауысып ішем сөз майын.

Қанекей алға,шаң жұқтырмағын ешкімге,

Дейтұғын барша үмітті мен де ақтайын.

 

Шіркін-ай,мына қазақтай көркем елімде,

Бабамнан қалған Маңғыстау атты жерімде.

Дүние есігін іңгәләй әнмен ашқанмын,

Уілдеп соққан қоңырқай күздің күнінде.

 

Жиналған халқым құлақ сал менің сөзіме ,

Алдымен қазақ қарайтын ата-тегіне.

Сүгірдей жырау танытқан мына ғаламға,

Ескелді руын танытам мен де еліме.

 

Ботакөз атты гөзелі қазақ қызымын,

Шүкір ғой қазір биікте менің тұғырым.

Еңсеңді көтер,рухыңды оят дейтұғын,

Отбасым бар ғой бөлетін маған көңілін.

 

Отбасым барда тайсалмай өтем сындардан,

Өтемін барлық қайтпаймын асу-қырлардан.

Бүгінде мені қолдайтын осы сайыста,

Отбасым міне,алдыңғы жақтық қатардан.

 

Ерекше сөзбен өрнектеп айттым сөзімді,

Бағалап білгін ұшқыр ой менен төзімді.

 Алдамай ма екен тәтті үміт мені бірақта,

Жеңіске лайық санаймын,иә,өзімді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі