Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Көкбазарды" мекендеген балгерлер

"Көкбазарды" мекендеген балгерлер

Демалыс күндері құрбым екеуміздің қаламыздың атышулы «Көк базарына» жолымыз түскен болатын. Көше бойын жағалай орналасқан балгер, тәуіптерді көріп жағамды ұстап қайттым. Түрлі-түсті құмалақтарын, тәспілерін, карталарын алдарына жайып қойған тәуіп сымақтар ағаш тасаларына жайғасқан екен.

Алдарына шағын қораптарын қойып алып, «бал ашамыз, бал ашамыз» деп отырған оларды сіздің де көзіңіз талай рет шалған болар?


Өтіп бара жатып, егде жастағы әйелге ерекше назарым ауды. Алдына «клиентін» отырғызып алып құмалақтарына қарап сөйлеп отыр екен. Бал аштырып отырған әйелдің жанында 5-6 жастар шамасындағы кішкентай қыз отырып алған. Анасының да, қызының да ауыздары ашылып, балшының бетіне қарап қалыпты.

Шамалы жүрген соң, тағы біріне көзім түсті. Ақ жаулықты әже. Өткен-кеткеннің артынынан «бал аштырмаймысың?» дегендей ұзақ қарайды. Аяп кеттім. Бір аяғы көрде, бір аяғы жерде тұрған, шөбере қызығын көретін жастағы әже күннің астында әңгел-шәңгелі шығып отыр.


Оның бергі жағында орыс «әпкеміз» тұр: «Узнайте о своем будущем, за 50 тенге»,-деп жар салады. Жанына адам салмағын өлшейтін таразыны орналастырыпты.

Жеміс-жидек алмақ болып, базарға кіргенімізде үстіне қазақы қамзол, ақ көйлек, басына ормал ма, тақия ма түсініксіз нәрсені ілген апаға кезіктік. «Қалима апай» деп жазып алыпты. Түріне қарасам, дұға оқитын тәуіп секілді.

Тап бір балгерханаға барып қайтқандай болдым. Жиіркендім, аядым, қорықтым. Ойласам, бүгінде жоғалған бiр затын табу үшiн немесе бiр шешiмiн таппай тұрған мәселенiң жауабын iздеу, болашағын болжату үшін құмалақшы, балгерлерге баратындардың саны көбеюде. Алыстан іздемей-ақ, өзімнің туыс әпкелерімнің «қашан күйеуге шығамын?» деп бал аштырып жүргендеріне куә болып та  жүрмін. Солардың айтқандарына имандай сенетіндерін қайтерсіз!?

Өз басымнан бал аштырып, дұға оқыту деген өтпеген екен. Бірақ, өте нашар нәрсе екенін бала кезімнен білетінмін...

Бұл сонда не тірлік? Қазіргідей нарық заманында ақша табудың оңай жолы ма? Әлде шынында да бойларына ерекше қасиет қонған жандар ма? Олардың жасайтын болжамдары ақиқат па, адамдарды алдау-арбау ма? Сіз не дейсіз? 

27
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 09 шілде 2012, 15:51
Тегтер: көкбазардағы көрініс, балгарлер, тәуіптер

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.