Еркекше әңгіме

Еркекше әңгіме
жеке
блог

Еркекше әңгіме

Баланың ер болып қалыптасуы туралы қызықты, сонымен бірге шын мәніндегі астарлы блог.
Балаңыз жігіттік шаққа қадам басқанда оның өмірінде түбегейлі өзгерістер басталады. Оның бірі - ғашық болу. Мұндай кезде бала тұйықталып,ортасымен араласудан қалады. Аналар қауымы бұған іштей қынжылады. Мұндай сәтте баланың көңілін аулау үшін әжесінің не әпкесінің ақылы емес, әкенің еркекше әңгімесі керек. Себебі, көңілге сенімділік ұялататын бұл сәтте тек Әке!

Әкелер ештеңе демеуі мүмкін. Бірақ ұлыңыздың күнде, апталап қиналып, ішіндегісін сыртқа шығара алмай жүргенін ойлаңызшы. Сіз де махаббаттан азап көрген шығарсыз? Ендігі әрекет ұлыңызды балық аулауға не тауға екеуіңіз ғана серуендеуге алып шығыңыз.

Баланың әкеден аяқ тартатыны бар. Енді оның досындай сөйлесуге көшу керек. Алғашында бала ашылмауы мүмкін, күтіңіз. Әңгімені өзіңіздің қалай үйленіп, ұлыңызды қалай күткенін түсіндіріңіз. Әйеліңізге ғашық болғанда қандай әрекет жасағаныңыз бала үшін сабақтай қажет. Ол үлкен өмірге қадам басқан сайын практикалық әрекет жасауға қиналады.

Өтініш. "Ұят боладыны" ысырып, ұлыңызбен ашық әңгіме айтыңыз. Махаббат жайлы, жыныстық жетілу, сауаттылық, денсаулық жайлы. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да "маструбацияны" түсіндіріп ұлыңыздың сауатын арттырыңыз.

Балаңыз ұялуы мүмкін. Оны құшақтап, шашын сипаңыз. Ақылды, тәрбиелі екенін есіне салыңыз. Еркектер арасындағы әңгімені сіз айтпасаңыз ертең оның қандай болатынын кім білсін?
( Ерлерге арнап блог жазуда зерттеу жасаймын. Сонда біраз балалар жыныстық сауаттылық жайлы Көшеден, интернеттен біледі. Интернеттен эротикалық, пронографикалық ролик көргендер дұрыс бағыттала алмай гей болуды жөн санайтындарын кезіктірдім)

Бұл ұят терапиясы. Балаңыз ұзақ үнсіз қалуы мүмкін. Оның дәл қазір іші алай-дүлей болуда. Ол өзіне,өміріне керекті ақпаратты әкесінен естіп, сіздің көңіл бөлгеніңізге қуанады.

Енді, баланың ойы да, бойы да сергіп сізбен ашық әңгіме айтуға көшуі мүмкін. Тыңдаңыз. Қолдау көрсетіңіз. Ештеңе жасырма деп үйретіп уәдесін алыңыз. Уәде берді ме?

Демалыс аяқталды. "Үйге барайық. Мұны ешкім білмесін, анаңа да, әжеңе де, достарың да айтпа. Бұл біздің еркекше әңгімеміз" деп ұлыңызды құшағыңызға қысыңыз.

Құрметпен, Нұрлыхан.