"Дінтану" мамандығының маңыздылығы

Дінтану – діннің шығуы, мәні мен дамуы, діни ілімдер мен олардың ерекшеліктері туралы кешенді ілім. Сонымен қатар дінді ғылыми түрде түсіндіруге мән беретін дін туралы ғылыми білім, діннің шығуы мен дамуы туралы объективті білім беретін пән.

Дін – адамзат баласы пайда болған уақыттан бастап өмір сүріп келе жатқан ерекше құбылыс. Дінтану ғылымы діннің пайда болу, қызмет ету мен даму үдерісін, оның құрылымы мен әр түрлі бөліктерін, қоғам дамуының әр түрлі кезеңдері мен қазіргі таңдағы діннің көптеген көріністерін, жекелеген тұлға мен жалпы қоғам өміріндегі орны мен рөлін, мәдениеттің басқа салаларымен өзара байланысы мен әрекеттестігін зерттейді.

Қазіргі жаһандану процесі кезінде әр мемлекет өзінің ұлттық құндылықтарын, ұлттық болмысын сақтап қалуға тырысады. Бүгінгі әлеуметтік жағдайда елімізде белгілі бір идеологиялық білім ретінде дінге деген қажеттілік бар екені белгілі. Сол себептен, Қазақстан қоғамының түрлі этностық, конфессиялық сипатын ескере отырып, соған қоса ұлттық діни мұраны сақтап қалатындай қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәнін оқыту, дінтанушы мамандар аса қажет және бұл тақырып қашан да өзекті болып қала бермек. 

Қоғамда зайырлы дінтанушы мамандармен қатар, дінді тереңінен түсіндіретін теолог мамандарға да сұраныс жоғары.

Қазіргі кезде дінтану мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, қажет деп тапқан мамандықтардың біріне айналды. Қазақстан қоғамының түрлі этностық, конфессиялық сипатын ескере отыра, соған қоса ұлттық діни мұраны сақтап қалатындай қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәнін оқыту, дінтанушы мамандар аса қажет және бұл тақырып қашан да өзектілігін жоғалтпайды. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс - қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша іс - шаралар жоспарын орындау мақсатында «Дінтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғаюда. Соңғы төрт жыл ішінде «Дінтану» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі 22 грантқа дейін ұлғайтылып, 2014 - 2015 оқу жылында мемлекеттік тапсырыстың көлемі 82 грантты құрады Жоғары білім саласында барлық мамандықтарға арналған жаңартылған «Дінтану» бағдарламасы әзірленген.

«Дінтану» мамандығы бойынша кадрларды даярлау 6 жоғары оқу орнының базасында іске асыруда (әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Нұр - Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, Х. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті).

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану мамандығының 4курс студенті Габдикаримова Малика

 

 



Бөлісу: