Жетім көрсең жебей жүр

Жетім көрсең жебей жүр
жеке
блог

Мұсылман кісі жетімге тек Алланың разылығын көздеп көмек беруі тиіс. Қайшы жағдайда, сауап емес күнәлі іс жасаған болады. Әрине Алла біздің жетімге көрсеткен жәрдемімізге мұқтаж емес. Бәлкім адам баласын жетім қалдыруының да бір хикметі болар. Бір-біріне сеп болып, жақсылыққа кенелсін деп, ретін осылай келтіріп қоюуы да мүмкін.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз өмірінде жетімдерге көп қарайласып, барынша қамқор болған. Жетім балаларға әке орнына әке бола білген. Жетімге қарайласудың қаншалықты сауап іс екендігін мына бір хадисініде айтып өтеді: «Кімде кім бір мұсылман жетімнің қамқорлығын өз мойнына алса, кешірілмейтін бір күнә жасамағанша, Алла оны жәннатқа кіргізеді» (Тирмизи риуаяты).

Біз қазақ ежелден ислам дінін қабылдаған халықтардың біріміз. Ата бабаларымыз да, өз өмірлерінде дініміздің бұйырған сауапты да, жауапты амалдың бірі жетімге қарайласуды абырой санап, барынша қамқор бола білген. Жаугершілік заманды және түрлі қилы заманды өткерген бабаларымыз ешқашанда жетімін жылатпаған. Ел болып, қоғам болып тағдыр тауқыметіне түскен жандарға қамқор бола білген. Тіпті ағайындары қайтыс болса, жесірін қаңғытпау үшін әмеңгерлікпен туыстарына алып беріп, жетімдерін жылатпай, өзгеге кіріптар етпей, қамқор бола білген.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану мамандығының 4 курс студенті Габдикаримова Малика

 

Тарихқа көз салсақ, қазақ даласында жетімдер үйі деген болмаған. Өкінішке орай соңғы жарты ғасырда елімізде жетімдер үйі пайда болып, түрлі жастағы балалар сол үйлерде тәрбиеленуге мәжбүр болуда. Әсіресе тәуелсіз ел болғалы қоғамда жетімдеріміздің саны артпаса, азаймай тұр. Безбүйрек, көкек аналардың кесірінен тірі жетімдер көбейіп барады. Жүректі жылататын ең өзекті мәселе, жастарымыздың некесіз баланы дүниеге әкелуі, яғни кәмелетке толмаған қарындастарымыздың ойнап жүріп от басып, тірі жетімдердің санын арттыруда. Бұл дегеніміз тексіз ұрпақ дүниеге келді деген сөз. Қазақ халқы текті әрі қаны таза бірден бір халық болса, онда тексіздік қоғамның болашағына қауіп төндірер індет болмақ.

ағдыр тауқыметіне ұшырап, ата-анасынан айрылған жетімдер үйіндегі балалар санын азайтудың жолы баршамызға мәлім болғандай өз қамқорлығымызға алып, отбасы жылуын сыйлап, асырап алу. Аллаға шүкір қазір көптеген қайырымды жандар жетімдерді асырап алып жатқаны біздерді қуантады.

 

Жетімге қарайласу әрине үлкен сауапты іс. Жетімге материалдық тұрғыдан барлық адам бірдей көмек бере алмас. Алайда сауапты іс тек қаржымен ғана шектелмейді. Мәселен, жетімнің басын мейіріммен сипауда сауап болмақ. Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Кімде кім Алла разылығы үшін бір жетімнің басын мейіріммен сипса, оның қолына тиген шашының санындай сауап жазылады» (Ахмад риуаяты).