Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІ ЖАЙЫНДА...

ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІ ЖАЙЫНДА...

ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІ ЖАЙЫНДА...

Азанғы астың дастарқанын жинастырып жатқанымда атаның мені шақырған дауысын естіп, бөлмесіне бардым.

          – Балам, маған телефон мен телефон нөмірлері жазылған дәптерді әкелгін. Неге екенін білмеймін, бүгін ертелі бері әлгі қалқанқұлақ қайта-қайта есіме түсіп отыр. Өзіме тартқан шатақ неме еді, аман-есен бе екен, соған хабарласайын, – деді.

             – «Қалқанқұлақ» деген кім? – деп сұрадым. «Соны да білмейсің бе» дегендей ата маған таңырқай қарады. Менің, шынымен, хабарсыздығымды түсінгендей:

             – Ол Нұрғиса емес пе?! – дегенде еріксіз күліп жібердім.

Себебі даңғайыр атағы бар, әндері ертелі-кеш жұрттың аузынан түспейтін ел ардағы болып жүрген адамды кішкентай бала құсатып жібергені қызық естілді.

             – Әй, балам, неге күлесің? – Неге күліп тұрғанымды біліп тұрса да, бейкүнә қалыппен аңқаулана қалатын осы бір әдеті ғажап-ақ!

             – Оның құлағы ерекше асыл құлақ! Ғарыштан ба, ғайыптан ба, әлдебір жақтан  келетін сиқырлы үнді біз ести алмаймыз. Ол естиді. Құлағы тура дыбыс тартқыш радар секілді қалқиып тұрады. Жасаған ием оны солай айрықша етіп, өзгеге ұқсатпай дара жаратқан. Ол – қасиет шалған дарын иесі! – деп ата көздері ұшқын шаша қызына сөйледі.

      ...Кейін Нұраға – Нұрғиса Тілендиев жайлы талай шығарма, мақалаларды оқыдым. Заманымыздың ұлы сазгері, қазақ халқының өнердегі жарық жұлдызы туралы қанша жазылып, қанша айтылса да, көптік етпейді. Алдағы уақытта да талай қыр-сырлары, қайталанбас табиғаты, ерен таланты жайлы әлі жаңа дүниелердің жарыққа шығарына ешбір күмәнім жоқ. Әйтсе де, атаның жүрегінен шымырлап шыққан сонау ерекше сөздері, мейірім-ықыласқа толы қызық теңеуі, күні бүгінге дейін өзге айтпаған мадақтай, басқа бере алмаған биік бағадай сезіледі де тұрады.

     ...1998 жылы Қарасай бабаның 400 жылдық тойында жүздеген киіз үй тігіліп, тамаша бағдарламалар жасалып, алыс-жақын елдерден меймандар келіп, ұлан-асыр той өтіп жатты. Сонда Алматы облыстық Мәдениет басқармасының бастығы Күлімхан Жәйшібекова маған:

             – Бүгін Нұрғиса аға «Отырар сазымен» концерт береді екен, – деді.

             – Аға көптен бері сырқаттанып ауруханада жатыр ғой, – дедім.

             – Ауруханадан әдейі келіпті, «Қарасай бабамның тойына шашу шашамын» депті, қасында дәрігерлері бар. Қазір ана-а-ау киіз үйде, – деп тау жақты көрсетті.

      Күлімхан екеуміз «қайтсек те ағаға сәлем беріп, жүзін көріп шығайық» деп, солай қарай тартып кеттік. Концерт болатын жер – қонақтар отырған қаз-қатар тігілген киіз үйлерден аулақта, тау етегіне арнайы сахна жасалып, отыратын орындар әзірленген екен. Келуін келдік, бірақ ағаға кіру, біз ойлағандай, оңай болмады. Киіз үйдің алдында тұрған жігіттер: «Кіруге болмайды, мазасын алмаңыздар», – деп жолатпады. Жалынып-жалбарынып, өтініштің небір түрін айтып жатып, ақыры бір минутқа әрең кіргізді.

      Аға креслодан фракпен отыр екен. Ауру кімді жүдетпейді, сырқат әбден меңдеп, азып, өңі боп-боз болып кетіпті. Ағаның ата жақсы көретін құлағынан күн көрініп тұр. Күлімхан жақын қарындасы болғандықтан «ағалап» барып амандасты. Мен қазақшалап иіліп сәлем салдым. Танымас деп ойлап едім:

           – Рақмет, айналайын! Батыр ағам Бәукеңнің аруағы жебеп, маңдайыңа берсін! – деп тілек айтты. Көзіме жас толды. Рақмет айтып, қоштасып шығып кеттік те, енді концертті күттік. «Япыр-ай, аға тым әлсіз көрінді, оркестрді қалай басқарады» деп қобалжып отырдық. Концертке Елбасы өзі арнайы келіп қатысты.  

Нұрғиса ағаны қолтықтап әкеліп, дирижердің тепкішегіне шығарды. Аға екі қолын құлаштай жайып, жоғары көтергенде... О, Жаратқан! Тура қияға самғайтын қырандай лезде қанаттанып, көрер көзге өзгеріп сала берді. Күй артынан күй кетті. «Махамбет», «Ата толғауы», «Фараби сазы», «Аққу»... Небір ұшқыр ойды, ең нәзік сезімді, жүрек төріндегі арманды, ерлікті, өрлікті, еркіндікті құдіретті сазбен, сиқырлы үнмен жеткізіп, тамшыдан – теңіз, ұшқыннан өрт тудырып жатқандай әсер берді. Әттең, әттең, құдай тағала ақын-жазушылық дарын берген болса, сол көріністерді, сол ғажайып үнді сөзбен кестелер едім-ау... Нұрағаңның сондағы концерті ел-жұртымен қоштасуындай, халқына деген бүкіл сүйіспеншілік мейірімін сарқып берген соңғы концерт болды. Мыңдаған адамның жүрегінде естен кетпес сол ғажайып бейнесі сақталып қалғаны ақиқат.

     «Отырар сазы» оркестрінің концерттерін кейін де талай көрдік. Аға тұрған тұғырға небір дирижерлер шықты, оркестрді басқарған болды. Бірақ... Иә, бірақ «Отырар сазының» жаны, рухы Нұр-ағамен бірге кеткендей, әйтеуір басты бір тетік жетпейді де тұрады. Аққусыз көлдей жадағай көрінеді...      

                                                                                                                                                       

Зейнеп АХМЕТОВА,  «Бабалар аманаты».   

(Аталмыш кітапты  «Санат»  баспасының дүкенінен алуға болады. Қосымша ақпарат үшін 87016520613) 

2874 7
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 08 шілде 2012, 14:56
Тегтер: күй, күйші, "Бабалар аманаты"
Пікірлер
+0
08 шілде 2012, 16:20

Иә, оркестрде дирижердің рөлі ерекше...Дәулескер күйші туралы талай естіп те, біліп те жүрміз.Әсіресе, "Аққу" күйі ерекше орындау шеберлігін қажет ететін тамаша туындылардың бірі...Қайталанбас дара тұлға иесі туралы әсерлі жеткізіпті

+0
08 шілде 2012, 17:12

"Аққу" күйі маған да ұнайды

+0
08 шілде 2012, 22:42

"Аққу" күйі классика ғой!

+0
09 шілде 2012, 10:08

Нұр-ағаның қай шығармасы да керемет! Ал "Аққуының" шоқтығы биік.

+0
09 шілде 2012, 18:52

рахмет Әпке, "Бабалар аманатын" қолымызға алмасақ та, біраз бетін оқып тастадық Сіздің арқаңызда)

+0
09 шілде 2012, 19:14

Алматыға жол түсіп жатса, хабарлас. ең жақсы сәттерді жарияламаймын))))))))

+0
09 шілде 2012, 22:20

))Алла қаласа!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев