Абай мектебінде Абайдың 175 жылдық іс-шарасы қалай өтпек?

Абай мектебінде Абайдың 175 жылдық іс-шарасы қалай өтпек?
жеке
блог

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің айлығы аясында Ұлы Абайға 175 жыл толуы қарсаңына орай "Абай үні, Абай лебі" тақырыбындағы жобаның ашылу салтанаты қыркүйек айында өткен болатын.Сонымен қатар жыл бойы сабақ арасындағы 20 минуттық үзіліс кезінде Абай қарасөздерінің аудиожазбасын дәліздегі дыбыс құрылғылары арқылы қосып, оқушылардың Абай шығармаларымен кең ауқымда танысуына мүмкіндік жасауда.Қазан айында "Өлең сөздің патшасы..." атты Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу сайысы 8-ші 11-ші сынып оқушылары арасында өтеді."Әлемнің Абайы" тақырыбында эсселер байқауы 9-шы 11-ші сынып оқушылары арасында желтоқсан айында тартысты түрде өтті."Дархан халықтың дана Абайы" атты әдеби сазды қорытынды кеші мамыр айында өтпекші. "Ұлы Абайдың 175 жыл" жобасының құжаттарын жүргузіп, фота альбомдар,бейнероликтер жасау,қорытындысын БАҚ, мектеп-интернат сайтында, әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жариялап отыру да жыл бойына жоспарлануда.