Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернат

Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернат
жеке
блог

 

 

  Бүгін не айтамыз?

  Әрбір адам керемет білім алып, білікті маман болуды армандайды. Ал арманды мақсатқа айналдырмасақ, оны бағындыра алмаймыз. Ендеше, бірге арманымызды мақсатымызға айналдырайық! Болашағыңның бастапқы кірпіші қаланатын орынды таңдау - қиынның қиыны. Олай болса, бүгін сіздерге керемет білім ордасын таныстырмақпын.

 

Қайдан білім алған жөн?

Мен сіздерге Алматының құшағындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатын ұсынамын. Атауына қарап-ақ мектептің білім беру жүйесі гуманитарлық бағытта екеніне көздеріңіздің анық жеткені сөзсіз. Алайда, қателеспеңіздер. Білім ордасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің гуманитарлық бағыттағы пәндермен терезесі тең. Бұл дегеніміз, мектебімізде мамандық таңдауда ешқандай мәселе туындамайды. Мектепте қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен бөлек қытай мен түрік тілдері де оқытылады. Бассейн, шахмат, дебат, спорттық ойындар, сонымен қатар, шешендік сөздер үлгілері сынды пайдалы сабақтар өткізіледі. Домбыра, айтыс, хор секілді үйірмелер балалардың сегіз қырлы, бір сырлы болуына септігін тигізеді. Жатақхана мектептің дәл жанында. Еш қиындық жоқ. Мектепте күн сайын жиын-той, сайыстар өткізіліп отырады. Тіпті, ЖОО-ға да жарысқа баруға әбден мүмкіндігіңіз бар (ғылыми жоба, дебат т.б ). Жыл сайын іріктеулер өткізіліп, Қазақстанның көп қалаларына дүбірлі додаға баруыңызға үлкен мүмкіндік туады. Сонымен қатар, мектепте ҰБТ-ға дайындық ерте қолға алынады. Пробный тесттер тапсырып, өзіңіздің білім деңгейіңізді тексере аласыз. Айта кететін жағдай, іштеріңіз мүлдем пыспайтын болады. Өйткені, әсем Алматыны аралауға жиі-жиі  шығып тұратын боласыздар, яғни, қыдырасыздар. 

 

Мектепке қалай түссем  болады? 

Мектеп жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды оқушыларды іріктеп алады, яғни, сіздің қай қалада тұратыныңыз маңызды емес, маңыздысы - сізде 1-7 сыныптар аралығында "нашар" деген бағалау деңгейі болмауы қажет (табель). Сіздер емтихан тапсыру арқылы өздеріңізді сынайтын боласыздар. Егер емтиханнан жоғары ұпай жинасаңыз, Алатау бөктері сізді құшақ жая қарсы алатын болады. Жалпы, мектеп 8-сыныптан бастап қабылдайды. Емтиханды 7-сыныпта немесе 7-сыныпты аяқтағаннан кейін тапсыра аласыз.

 

Мектептің толық мекен-жайы қандай? 

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Митина көшесі-6