ҚАЗҰУ – білім мұхитындағы кеме

ҚАЗҰУ – білім мұхитындағы кеме
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті академиялық және ғылыми жұмыстарда көп жылдық тәжірибесі бар университет. Осы жылдар ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өз мақсатына сәтті қадам басты. Жақын болашаққа көздеген мақсат - ұлттық классикалық университетті әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру және әлемдегі жетекші зерттеу университеттерінің ТОП-200 қатарына ену, алыс болашақта жететін мақсат – қазақ білім деңгейін әлемдік деңгейде таныту, жер жаһанның аузында жүретін көшбасы университеттер қатарына ену.

QS (Ұлыбритания) халықаралық рейтингтік агенттігінің зерттеуі бойынша, әл-Фараби ат. ҚазҰУ 2019 жылы әлемнің 800 үздік университеттерінің ішінде 207 орынды иеленіп, ТОП-210 университеттерінің қатарына енді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бүгінде беделді халықаралық агенттік Thomson Reuter «2019 жылы ғылым саласындағы көрнекті жетістіктері үшін» арнайы дипломымен марапатталған Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі университет болып табылады.

Университеттің дамуына Экономика және бизнес жоғары мектебі 1 курс магистранты деген соң, Ергашова Зухра деп тұру қажет екенайтарлықтай үлес қосады, әсіресе экономика кафедрасы. Кафедра ​ 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін ғылыми-зерттеу университетіне айналдыру бағдарламасы аясында макро-микроэкономика және экономикалық теория кафедраларын қайта құру және біріктіру нәтижесінде құрылды. Бүгінгі таңда экономика кафедрасы заманауи инновациялық әдістерді қолдана отырып, классикалық білім берудің үздік дәстүрлеріне негізделген жетекші ғылыми және білім беру орталығы болып табылады.

Кафедрадағы оқу процесі АҚШ-та жоғары тиімділік көрсеткен STEM (ғылым, технология, инженерия, математика) технологиясына ​ негізделген. Бұл перспективалық инновациялық білім беру технологиялары мен әдістерін енгізумен байланысты ғылымдағы жаңа бағыт. Зерттеу міндеттерін шешу үшін заманауи бағдарламалық құралдар қолданылады, мысалы: Eviews, Stata, Statistica, Project Expert, т.б. 2005 жылдан бастап экономика кафедрасы алғашқылардың бірі болып «экономика» мамандығы бойынша PhD докторларын дайындай бастады. Докторанттар мен магистранттарды дайындау ісіне шет елдік ғалымдар-экономистер тартылуда. Кафедраның мақсаты - қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ететін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Жылдан-жылға жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамның және оқытудың заманауи ғылыми әдістерін қолдану арқасында кафедра алға қойған мақсаттарына сенімді түрде қол жеткізіп келеді.

ҚазҰУ, Экономика және жоғары бизнес мектебі, «Экономика» кафедрасының оқытушылары PhD докторы Қондыбаева С.Қ., Қабылқайратқызы Р., ​ ​ ​ ​ «Экономика» мамандығының 1 курс магистранты Ергашева Зухра