Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Іздейсің, үмітіңді үзбейсің

Іздейсің, үмітіңді үзбейсің

Іздейсің, үмітіңді үзбейсің

Армысыз, массагеттік ой-пікірдің майталмандары. Жазба жазуға жүрек дауаламай әрі жүрдім, бері жүрдім. Бірақ сәті бүгін түсіп тұр екен. Табиғатымнан оптимист адаммын, бірақ анда-санда писсимисттік жел соғып тұратын кездер де болады. Бір өкініштісі, алғашқы жазбам да осындай кезге келіп тұр.

Адам өмірі қуаныш пен қайғыға толы. Қарама-қарсы ұғымдар болғанымен, арасы алшақ емес: бір сәт шаттанып жатсақ, бір сәтте мұңға малынып та қаламыз. Жалпы адам деген танып болмас үлкен әлем ғой. "Өз өзіңді танысаң - істің басы" деп те бекер айтылмаған болар.

Құдайға шүкір, Иеміздің бергені - көруге көзді, естуге құлақты, еңбек етуге аяқ-қолды, ойнап-күлуге балалықты, тіреу болар ата-ананы, шаттануға жастықты, ішіп-жеуге астықты... тізе берсек бізге берілген ризықты айтып тауыса алмаспыз, сол үшін де шүкір дейміз.

 Бірақ, көңілде бір алаң бар. Пейілде бір тарлық бар. Жүректе бір жалғыздық бар... Қорқынышты болар?

 Қорқынышты болса да, кейде осы сәттер мен үшін қымбат. Өйткені, айналаңа қарайсың - бос орындарды ғана көресің. Сосын қорқасың, алаңдайсың, артқа қарайсың, айналаңа қарайсың... Жоқ! Болмаған соң, ІЗДЕЙСІҢ, үмітіңді үзбейсің...

19
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 07 шілде 2012, 01:40
Тегтер: бос, адам, Жүрек, жалғыздық

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.