Жыртып енді тастайық жүрек салынған парақты...

Жыртып енді тастайық жүрек салынған парақты...
жеке
блог

********

Бір шешім болғанымен әр түйінде,

Бәрі осылай бітсінші, бар күйінде.

Мүмкін  біздің сезімдер сақталады

Өшпейтұғын өмірдің архивінде.

 

Өзің жақтан күдерді үзерімде,

Жылы лебің келмесін мұз ерінге.

Жетімсіреп жүрегің сақталады

Махаббаттың меншікті музейінде.

 

Жылап тіккен көңілде кесте үміт көп,

Оңайлықпен кетпессің есте ұмыт боп.

Еріккендер екеуміз жайлы жазса,

Қалармыз ел ішінде естелік боп.

 

Жанымды жүдеттің-ау жиі мұңым боп,

Саған деген ынтықтың сый нұры жоқ.

Санасында біреудің сайрандармыз

Сергелдең сезімдердің символы боп.

 

Суықтан әкете алсаң, тонсыз ап өт,

Бағыты болғанымен, жолсыздар көп.

Бұл сезімді ұқпасақ, доғарайық

Түсініксіз нәрселер онсыз да көп.

 

Жүрегімді жүрем деп жырға байлап,

Жетіп те қалған екем мұңға жайлап.

Осы жерден қол үзіп шегінейік

Киелі  махаббатты былғамай-ақ...

 

Алматы 

2012 жыл, мамыр