Түркиялық кино танушы Лоқман Зор студенттерге дәріс оқыды

жеке
блог

2019 жылдың 25 қараша-10 желтоқсан аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тәжірибе алмасумен Түркия елінің Нииде қаласы Нииде университетінен түрік журналисті, кино танушы, академик Лоқман Зор келіп, дәріс жүргізді. Дәріске 1-4 курс студенттері белсенді қатысты. Журналист дәрісінде өзінің өмірлік тәжірибиесі және білімімен бөлісе отырып, Түркия елінің мәдениеті мен ондағы кино әлемімен таныстырды. Телеарналардан көріп жүрген киноларды шынайы түрде дәлелдеп талдап көрсетіп, жеткізе білді. Ол дәріске аса дайындықпен келгенінің арқасында студенттер тереңірек ұғынып, құнды ақпараттар легімен білімдерін жетілдірді.

-«Сериалдар Түрік елінің табыс көзі деуге де болады. Себебі оның арқасында Түркия елі күннен-күнге дамып жатыр, яғни онда жыл санап студенттер, туристтер саны артуда»,-деді Лоқман Зор. Түрік кинолары қазіргі таңда әлем елдерінде көш бастап тұр. Тек біздің елде емес, бірнеше елдерде Түрік сериалдары сатып алынып, көрсетілуде. Бұл дегеніміз түріктердің кино саласындағы тәжірибелерінің жоғарылығы және сапалылығының арқасы деуге болады.

Лоқман Зор болашақ журналистерге дәріс оқып кете қоймай, оларға Түркия еліне, білім алуға мүмкіндік бар екенін айтып және де әр түрлі жеңілдіктер қарастырылғаны жөнінде толығырақ мағұлмат бере отыра, өзі журналистика кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқаратын оқу орнына шақырып, қуантты. Олардың Түркия еліне деген қызығушылығын арттыра білді. Ол өзінің арнайы бағдарламасынан бөлек, еркін тақырыпта да жастармен ашық сөйлесіп, өзінің журналистік шеберлігінің жоғары деңгейде екенін көрсете білді. Студенттер көптеген сұрақтарына жауаптарын алды. “Оның 2 апта өткізген дәрісі арқылы тек қана журналистика саласында ғана емес жанжақты ақпараттар алып дамыдық. Дәріс уақыты аз болғанымен, бізге берген көмегімен пайдалы дерегі мол болды. Халықаралық деңгейдегі журналистердің дәріс өткізгені бізге ұнайды, тағы да шет ел журналистері білімімен бөлісіп, тәжірибе алмасуға келсе дейміз”,- дейді студенттер.

Бисембаева Ақмарал

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ,

Журналистика кафедрасының 2 курс студенті.