жеке
блог

"Аллергияның әлегі"

 Аллергияның әлегі

       

       Бүгінде екінің бірі аллергендік аурумен ауырып, маусымдық аллергияның азабын тартып жүр. Алайда, бұл дерттен айғу қиын. Аллергияға шалыққандардың жалғыз амалы -  шашпалы-дәрілер. Бірақ, бұл шашпалы дәрілерге тәуелділік адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті дейді, дәрігерлер.  Дегенмен, аталған сырқаттың адамдар арасында жаппай таралуына не себеп, ауа ма, әлде ортамыздың экологиясы ма? 

Аллергия - "ХХІ ғасыр дерті" деген атқада ие болды. Себебі, бұл аурумен ауыратын әрбір үшінші адам өмір бойына құтыла алмайды.  Тіпті аурудың тереңнен тамыры жайылғаны соншалық бұл аурудың атын естісе таңғалмайтында болдық. Ал, Еуропа ғалымдары аталмыш ауруды жұқпалы індет ретінде таралып жатыр деп дабыл қағуда. Ауру халық арасында кеңінен таралығанымен медицинада толыққанды емі табылмаған. Аллергия – адам организмінің белгілі бір антигенге кері реакциясы. Адамның өсімдікке немесе жануарға, шаң мен тозаңға т.б. заттарға жоғары сезімталдығынан болады. Ол   кез-келген жаста басталады.

Дәрігерлер аллергиямен күресудің басты жолы –дұрыс тамақтану дейді. Себебі, аллергияны шақыратын цитрусты жемістерден аулақ болған жөн. Ал, халық емі тұмшаланған тынысты қалампырмен емдеуді жөн санайды.  Деседе, бұл ем-шаралар әлі нақты емес себебі толық емі табылмаған екіұдай пікірлер ғана болмақ. Сондықтан, ем іздеп сарыққанша ауырмайтын жол іздеп аурудың алдын алған абзал.

 Осы аурудан айығудың жолын білу мақсатында Атыраулық дәрігер резидент-оториноларинголог Досжан Гүлнұр Асылбекқызымен тілдестік.

«-Атырауда экологиялық жағдайдың нашар болуына байланысты аталмыш ауру белең алып тұр. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін аллергиямен ауырады. Аллергиясы бар адамдар көп түшкіреді, көзі, мұрны қышиды және осы белгілер болса бірден дәрігерге жүгініп, жүйелі түрде ем алу керек. Бұл аурудың емі ауру өршіген кезде емес, өршімей тұрып басталады. Оған қоса, ата-ана жауапкершілікті өз қолына алып, баланы сырқаттан сақтау керек. Сондықтан, ең алдымен әйел адам жүктілік кезінде құрамында аллергені бар тамақтарды көп жемеу керек. Себебі, бұл жатырдағы балаға әсер етеді. Бұл жаңадан дамып келе жатқан балада аллергендер қалыптасатын өте жауапты кезең.  Яғни бұл ауру тіпті адамды жатырда жатыпта жаулайды. Ал, аллергияны анықтаудың қарапайым жолдары төмендегідей. Егер өзіңізде не балаңызда аллергияның белгілері барлығы байқалса мынадай шаралар жасау керек. Алдымен жалпы қан, үлкен дәрет, зәр талдауын жасау керек. Ондағы аллергияға қатысты өзгерістерді терапевт түсіндіріп бере алады. Талдауда симптомдардың белгілері нақтыланса, тереңірек талдау жасау, кеңірек консультация алу үшін аллерголог маманға қаралған жөн. Аллергия созылмалы ауруларда пайда болатынын білген жөн. Сондықтан инфекциялық аурулардың созылмалы түрге айналып кетпеуінен сақтану керек. Бұлардың қатарында бронхит, пневмония, бүйрек аурулары, цистит, пилонефрит, ас қорыту жүйелерінің аурулары (холецестит, гастрит) бар. Бұл ауруларды асқындырмау қажет, онда иммунитет төмендейді. Соның салдарынан бронхиальды астма, аллергиялық дерматит, экзема секілді аллергиялық аурулар өршиді.»-дейді дәрігер Гүлнұр Асылбекқызы.

   Аллергияның әлегін тартып жүрген жандардың бірі  Атыраулық Мадина Мажитова. Жыл сайын жаз мезгілін дәрі қабылдап, екпе салғызумен өткізеді. Тіпті шашпалы дәрілерде көмектеспейтін деңгейге жеткен.

 « - Аллергия мамыр айында басталып, күн ысыған уақытта қоза бастайды.Өсімдік гүлдегенде ауадағы шаң-тозаңнан жиі түшкіріп, көзім жасаурап, мұрным бітеліп түнде ұйқы бермей мазамкетеді. Тіпті кейбір жеміс  жидектерде аллергия беріп, бәрі бір мезгілде болып жаным қиналады.Табиғат аясына шығып демалуда мүмкін емес жағдайға жеттім себебі басым айналып, тынысым тарылып, әлсіздік басады.» - дейді шарасыз Мадина.

    Мадинаның аталмыш аурумен күресіп жүргеніне бақандай 12 жыл. Аллерголог мамандарға тіпті халық емшісінеде  жүгініп көрген, деседе нәтиже көңіл қуантпайды тек уақытша басылғандай болады.

Иә біздің елімізде осы аурумен сырқаттанып жүрген адамдар қаншама, әсіресе Атырау қаласында бұл ауру түрі экологиялық жағдайға байланысты өршіп тұр. Өйткені зауыттардың көптеп болуынан ауа ластанып, экология бұзылуда. Ал, зауыт басшылары тек айппұл төлеумен ғана шектеледі.2017 жылы Атырау облысының ауасын рұқсатсыз ластаған компаниялардан мемлекет пайдасына 22 миллиард теңгеге жуық қаражат өндірілген. Бірақ, бұл көңіл қуантпайды себебі осының салдарынан қаншама адам ауруға шалдықты, ал өндірілген қаржы шығынның орнын толтырмайды. Сондықтан ең әуелі аурудың алдын аламыз десек табиғатты қорғаудан бастайық. Жоғарыда айтқан дәрігердің сөзіне құлақ асып,ауырмайтын жол іздеп, сырқаттан сақтанайық. Айту бізден, орындау сізден.

 

 

Жайна  Мәлімқожа

Х.Досмұхамедов  атындағы

     Атырау   мемлекеттік   университеті,

Журналистика  кафедрасының  2 курс  студенті.

 

 

 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі