Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ұлы дала мәдениеті мен тарихы

Ұлы дала мәдениеті мен тарихы

Ұлы дала мәдениеті мен тарихы

Сан ғасырларды кері шегіндірген, тарихы тереңде жатқан қазақ халқының мәдени мұрасы, таным-тіршілігі, дәстүр мұрағаты ұрпаққа қазына. Жолсызбен жол кешіп, тар бағыт пен тайғақ ғұмырдың куәсі болған еліміздің ертеңі қараңғы шақта, тарих тоғысында түрлі мағызды шешімдер мен ел болашағының бағыты үшін қаншама қан кешулердің болғанын білеміз. Ақ найзаның ұшымен қорғалған ақ ордамыздың тамыры тереңге бойлап, тәуелсіздігі нық бекіді, бүгінде. Ендігі жастарға қойылар талап, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманда өмір сүріп жатып ел тарихын білу, өткенімен таныс болу, дәстүрін дәріптеу, мұрағатын жандандыру. Бұл жастарға артылған талап деп түсінеміз. Міржақып атамыздай «Қалғанша жарты қаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш» деп жүрген әр азамат ұлттың «ұлысы» атануға міндетті.Бұқара халықтың дәстүрінен сыр шертетін қазақы ойындардың түр-түсін ажырата алу, үлкен жауаптылықты талап етеді және екінің бірі бұған келгенде кем ауыз, қысқа тіл болып қалатыны бар. Асық ойындары. Асық ойындарына қой, арқардың асықтары жарайды. Бізге беймәлім асық ойындарын талдасақ. Оңқаны асығы көп бозбалалар ойнайды. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызып, дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өз асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асықты мұртынан оңқа тұрғызады. Егер кімде-кім оңқаға тигізсе бүкіл асық жеңімпаздың қалтасында кетеді. Хан. Әрбір ойыншы бестен оннан асық тігеді. Асық арасындағы ең ерекшесі «хан» деп аталады. Ойынның шарты бойынша, «ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғамау керек. Сөйтіп, ойынның шартын бұзғанша не болмаса «ханмен» ататын асық қалмай қалғанша атып, асығын ала береді. «Кетсін бір» асық ойынында ойыншылар саны екіден аспау керек. Бірінші ойыншы асықты шамасы келген жерге дейін лақтырады. Ол табан өлшемі арқылы өлшенеді. Кімнің асығы алысқа ұшқан болса сол жеңімпаз атанады. «Атбақыл» ойынында тек сыйырдың асығы болуы керек. Ойыншы қарсыласының сақасын алысқа атады. Кімдікі алыс болса, ойын басталған жерден бастап жеңілуші жеңімпазды арқалап жүруге міндетті. Елдің тұрмысын толықтырар болсам, қазақ халқының да көшпелі өмір кезеңдеріне орайлас туған календары болған, бірақ бұлар қағаз бетіне түсіп, зерттелмей келеді. Осы тұста М. Исқақовтың «Халық календары» атты кітабының мәні зор. Қазақ календарының әу баста халқымыздың мал бағу кәсібі мен диқаншылық өміріне байланысты туғанын көреміз. Әсіресе, жыл мерзімдерін белгілеу мен ауа-райының болашағын болжау қоғам тіршілігіне тікелей қатысты болды. Соған сәйкес күзем қырқу, шүйгін жайылым тауып, малды жұттан аман алып шығу тәрізді өмірлік мәселелерді шешу аса қажет еді. Аспан әлемін де талдай білген қазақ « Жеті қарақшыны таныған жеті қараңғы түнде де адаспайды»- дейді. Халық аңызында «Жеті қарақшы» «Үркердің» қызын (екі жұлдыздың да аты осы аңыздан кейін туған) ұрламақшы болыпты, бұлар түнімен бірте-бірте «Үркерге» жақындап қоян-қолтық келгенмен, бау тағарда таң атып, жұлдыз біткен көзден ғайып болады екен, сөйтіп «Жеті қарақшы» қанша жымысқы оймен әрекеттенсе де еңбегі еш кететін көрінеді. Аңызда қаншалықты терең пәлсапа жатқанын осыдан да аңғарамыз. «Үркердің» халық шаруашылығына тікелей қатысы бар. Ал «Темір қазық» қаққан қазықтай орнынан тапжылмайды. Ол арқылы оңтүстікпен солтүстікті, батыс пен шығысты тауып алу оңайға соғады. Ел дәстүріндегі болжамдардан бір дерек білесіз бе?! Тоғыс кезінде Үркер мен Ай бір-бірінен алыс болса, халық тәжірибесінде «бұл екеуі бір-бірімен қырбай болған, қырсығы мал мен жанға тимесе игі еді» деп қауып ететін болған. Егер Үркер мен Ай жақын орналасса, шаруақор қазақ: «Екеуі жараса қалған екен, мал мен жанның жағдайы жаман бола қоймас» деп жақсылыққа жорыған. Егер қыста түйе ернін жыбырлатса, жылқы оқырынып жұтынар болса, онда кешікпей-ақ түйе мен жылқы қар суын ішеді. Яғни, көктем ерте шығады деген сөз. Ал егер қой тұяғымен қарын қасыса қар қалың түседі деген мысал бар. Шопан атаның түлігі тісін қайраса, кешікпей –ақ боран күтсеңіздер болады. Күн құлақтанып шықса, не боран, не аяз болады. Күн құлақтанып бататын болса, ауа-райы жылынуға тиісті. Қазақтың «Ертеңгі күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай қорық, кешкі күн құлақтанса, келінің ұл тапқандай қуан» деп келетін мақалы сөзімізге дәлел. Қазақ тұрмысында жыл басы Наурыз айынан басталғаны бәрімізге белгілі. Және ай атауларының жанама аттары да болған. Олар: Наурыз-Жамал, Сәуір Көкек, Мамыр-Зауза, Маусым-Саратан, Шілде-Әсет, Тамыз-Сүмбіле, Қыркүйек-Мизан, Қазан-Ақырап, Қараша-Қауыс, Желтоқсан-Жади, Қаңтар-Дәлу, Ақпан айы Үт деп аталған. Тарих тоңысынан өткен жыл атаулары ескіріп, қолданыстан шығып кеткенімен, әдеби шығармалар мен әңгімелерде көптеп көрініс табады.Тойды тойға ұластырған еліміз «отыз күн ойын, қырық күн тойын» жасап, қуаныш артынан қуаныш ілестіре білген.«Айт, келін, енді айт, келін! Атыңның басын тарт, келін!»-деп келетін осынау ежелгі жыр жолдарын еске алғанда, алдымен ағындай шапқан жыршы-ақынның аққу мойын домбырасын желдірте ойнатып, желпіне түскен шабытты күйі, қос ішектің күмбірлеген үнімен күйлі жырын нөсерлете төгіп жібергенде жандары кіріп жадырап сала берер жұрттың жарқын жүздері, қызыққа кенеліп қаумаласқан қауымның, бала-шағаның теңіздей толқып тебіреніп, қуаныштан мерейі асып-тасыған, көңілі өсіп шалқыған шат-шадыман сәті елестейді.Атын атап, түсін түстеп реттеуді қажет етпейтін, елдің етіне сіңген шілдехана, тұсау кесер, сүндет той, тілашар, күміс той, алтын той, сабантой, наурыз тойы, айт мерекесі ел ортасында орны ойсырамас мерекелі де берекелі, мән-мағынаға ие той-жиындар.Халық құрамы «Сүйінші», «Шашу», «Көрімдік» сияқты дәстүр түрін де назардан шет қалдырмаған.Сүйінші-әдетте аса мәнді жақсылық хабарды жеткізген адамның аузынан шығады.Шашу – той-жиындағы халықтың ағынан жарылып, байлығын ортаға тосуы.Көрімдік – бір атым насыбайға қалатын көңілге жебеу болатын сый сыйлау.Ерулік – жайлауда мал баққан хылықтың ішінде қатарға ең соңғы болып қосылған малшыға алдын қоныстанып үлгерген қоңсыларының тамақ беруін осылай атаймыз.Сірге жияр – күзге қарай шөп буыны қатқан кезде, бие ағытылып, бұзаудан сірге алынар шақта жайылар дастарқан дәмін айтады. Дәстүрдің дені- көп, қатары-жиі болғандықтан бәрін сараптап-саптап жазуымыз тиімсіз.Уызқағанақ. Көктемгі мал төлдету науқанының, әсіресе қой қоздайтын кездің қат-қабат қарбаласы көп. Қойдың арқасынан күн өтеді, аузы көкке тиеді. Осы кезде отардағы төлден қой зарлай мағырап, ауылда қалған төліне қарай маңырап қашса, әлі тқлдемегендері көк қуалап, ол өз бетінше шашырай жайылады. Бұл аз дегендей өрісте қағанағын жайып, төлдеп қалатын қойлар өз алдына әртүрлі қамқорлықты қажет етіп жатады.Қойын бағып, қойыртпағын ішіп жүрген қараша халықта ескерусіз шаң басқан салт-жоралғыларын тағы бірі – «өтіл». Өзді-өзімнің көпіртпе сөзіммен көпсітпей, дәл ме дәл жазған тиімдірек пе деп білемін. «Әдетте, қымызда «өтіл» деген болады ғой, онысы қымыз толтырған аяқты ұстап, қатар отырған адамдар өз аяғының қымызын тартпастан бұрын, екі жағындағы адамға өтіліп, көршілері бұйырыңыз дегенде ғана іше бастайды»- деп дәстүрді дәріптейді С. Мұханов «Мөлдір махаббатында».«Қалмады баста бөрік, белде белбеу, Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай»- деген өлең жолдары салт бас, сабау қамшы бойдақ жігіттердің арасында кеңінен таралған. Халық «Қыз тұзағы-жеңге» дейді. Болашақ күйеу баланың қалтасын қуратқанша, жеңге шіркін жай тапсын ба?! Осы тұста жеңгелер жаңа келін болып түскен сәттен өзінің қайын іні, қайын сіңлілеріне есім қойып, айдар тағады. Бұндайды қазақта «Табу сөз» деп атайды. Қазақта тағы бар ерекше түсіндірілетін, сараптап сапталатын,мән-мағыналы тіршіліктін көрінісі ретінде қарастырылатын «мүшел жас» деген болады. Адам баласы туғаннан бастап, өсіп-жетілу кекезеңінде қатерлі жылдар болатындығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды. Алғашқы мүшел он үш жас – бұл адамның балалық шақтан, ересектік шаққа дейінгі кезеңі.Келсі жиырма бес жас. Бұл жаста садақа беріп, келсесі мүшелге ниет етіледі. Отыз жеті жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Ол қырықтың қырқасында жүрген болып есептелінеді.Қырық тоғыз жас-адамның даналыққа аяқ басар кезі.Келесі ретті жалғасытрушы жастар- алпыс бір жас, жетпіс тқрт жас, сексен жеті жас болып саналады. Бесік табы арқасынан, емшек табы ауызынан кетпеген сәби кезден ересек тартып, ата сақал ауызға түскен шаққа дейінгі той жоралғылар, салт-дәстүрлер ешқашан өшпек емес. Аталған ойындар, дәстүрлерден бөлек, қазақта 5 мың күй, 12 мың ән бар екен. Атадан қалған асыл мұраларды мәңгілік сақтау біздегі борыш пен міндеттің қайсарлығы мен батылдығына тікелей байланысты деп білемін. «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деп ғұмыр кешетен қазақ елінің мұралары сарқылса кемтігі толып, кетігі бітпейді. Бұл айтқаным «Жел екпіндеп соққан мен, таң бозарып атпайдының» кері. «Қойдың бойында арқардың қаны болмаса, тастан ырғымас еді» дейді қазақ. Ендеше, дастан болған көне жыр мен сырды сақталған сәтінен ары қарай алтындай аялауымыз, баба қалдырған мұраны қорғауға тиіспіз.

 Аманғалиева Ақбота 

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ 

2курс студенті

0
Рейтинг: +1

Автор: Kim Goiyan
Жазылған уақыты: 15 желтоқсан 2019, 23:10
Тегтер: жас буын, хандық, отырықшылық

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->