Тәуелсіздік VS Жаңа Жыл
жеке
блог

Тәуелсіздік VS Жаңа Жыл

    Қыс келсе, еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бір ғажайыпты күтетіні жалған емес. Қыстың алғашқы айы келіп, аспаннан моншақтап қар түскенде, бәріміздің есімізге түсетіні - Жаңа Жыл. Әрине, әлемдегі барша адамзат, жыл сайынғы ғажайыпты асыға күтеді. Бірақ... Қазақ халқы үшін, бұл ғажайыптан бөлек, тағы бір қуаныш бар. Ол, көптің көңіліне түсе бермейтін - Тәуелсіздік. 

Санаулы күндерден соң, қорлықта жүрген қазақ халқының азаттық таңы атқан күн. Яғни, тәуелсіздікке 28 жыл! Бірақ, айналаға зер салсақ, тәуелсіздіктен бұрын, жаңа жыл келе жатқандай. Оған дәлел, еліміздің беделді қалаларының "Жаңа Жылға" деген аса қызу дайындығы. 

Қолда барда алтынның қадірі жоқ дегендей, "Тәуелсіздіктің құны" бір тиын болғаны ма? Жаңа жылдың әр адам өміріндегі айтулы кезең екені мәлім. Алайда, ата-бабамыздың маңдай терімен келген азаттықты алақанымызда аялай білген де жөн. Себебі, сол "Тәуелсіздік" болмаса, Жаңа жылды тойлар ма едік?...