Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ұлт бастауы – болашақ

Ұлт бастауы – болашақ

Ұлт бастауы – болашақ

Ұлт бастауы – болашақ «Отан» деген сөз ежелден көшпелі өмір сүрген ата-бабамыздың от жағып, тіршілік еткен ұясы деген ұғымнан шықса керек-ау. Отан үшін отқа да түскен, суға да батқан Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деп асыл сөз қалдырған. Осындай елін сүйген және одан жігер алған, жұрттың қорғаны болған қазақ азаматтарының алар асуы мен жетер белестері әлі алда деген ойдамын. Өз алдына егеменді ел болып, тәуелсіз мемлекет атанды. Қазақ халқы үшін үлкен қуаныш. Бұл жағдай 30 жасқа толған мемлекетке оңайға соқпады. Дәл осындай Қазақ елі атты азат ел барын, көк аспанда шарықтап ұшқан, қалықтап ұшқан, көк туын желбіретіп ұшқан қыран бейнелі қайратты халық бар екендігін өзге елдер де танып жатыр. Бірақ, еліміздің егемендік алғалы бір мәселені толық қанды шеше қоймағандығы өкінішті. Ол басқа ұлт өкілі бола тұра ҚР азаматы деңгейіне қалай жетуінде... Бір елдің азаматы атану бір затты алып, екінші қолға бере салу емес. Қай мемлекетті қарасаңыз да, азаматтықтарын оңай бере қоймайды. Біз секілді әрине... Бұл мәселеге бас ауыртып, көтеріп жатқан ешкім жоқ. Жақында ғана АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарында дүниеге келген шетел азаматтарының сәбилеріне бірден азаматтық беру құқығын алып тастау туралы шешім қабылдады. Ал бізде қалай? Бізде «Азаматтық туралы» Заңының 16 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына: Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар өте алады. Осы ретте Есенгүл Кәпқызының «Қай елдің азаматысыз?» атты мақаласы есіме еріксіз түсіп отыр. Иә, «ҚР азаматы(азаматшасы)» дәрежесін алу өте оңай. Өзге мемлекеттер секілді 10 жыл сол елде тұрып немесе сол елдің тілін үйреніп, салт – дәстүрін біліп, тарихын зерттеп тест тапсырудың мүлдем қажеті жоқ. Басқа елдің адамдарын жинап еліміздің санын көтеріп, көркейіп кетеміз деген жаңсақ пікірден аулақ болуымыз керек. Нақтылы бір шешім шығарып, мемлекетіміздің тазалығын сақтай білсек қана біз «қазақ» деген атымыздан түспейміз. Кім көрінгенге азаматтығымызды оңай бере салып, қанымызды ластатпауымыз керек. «Ұлты қазақ» деген атқа қазақ қана лайықты.

0
Рейтинг: +1

Автор: aruzhhh
Жазылған уақыты: 10 желтоқсан 2019, 15:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.