Өмір-сынақ

Өмір-сынақ
жеке
блог

Әр адамның өз тағдырына жазылған өмірі болады.Сол өмірді жақсы да жағымды,мағыналы да мәнді сүру өз қолында.Өмірді тыныш,жеңіл өткізу мүмкін емес.Өмір болған соң жақсылық та, жамандық та болады.Бұл да өмірдің бір заңы.Біздің өміріміз тек жақсылыққа толы болса онда өмірдің мәнін түсінбес едік.Өмірде қиындық  неғұрлым көп болған сайын шыңдаламыз,тәжірибе жинаймыз,келешекке нық қадам баса аламыз.Өмір-сынақ.Сол сынақтан сүрінбей өткен жандар алланың нығметіне бөленеді

Біз жаңа ғасырға өткен сайын өткен өмірдің жақсылығын жасампаздығын,ерлігін ғана апарып жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай дәрежеге жеткізуіміз керек.Осы игі істі іске асыру үшін мынадай нәрселерді есте сақтаған дұрыс.Өмірді басқа біреудің ойымен емес өз ойыңмен сүр.Ешқашан өзгелерден кек алуға тырыспа,себебі олардан гөрі өзіңе зиян келтіруің мүмкін.Сәтсіздікті емес,қуанышты күндеріңнің есебін жүргіз.Ешкімге ұқсамайтындай өзіңе тән бейнеңді тап та,сол қалпыңмен қалуға тырыс.Өмір саған ащы дәмін татырса сен оны тәтті дәмге айналдыруға бар күшіңді сал. Міне осы қағидалар  өмірде өкінбестей  өткізуге мүмкіндік береді.