«Сұңқар кубогы SSP» чемпионатының маусымашар кезеңі өтті

«Сұңқар кубогы SSP» чемпионатының маусымашар кезеңі өтті
жеке
блог

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында  «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының  ҚБ ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының «Айналаңды нұрландыр»  жобасы аясында «Сұңқар кубогы SSP» чемпионатының маусымашар кезеңі өтті. Биылғы жылғы қатысушылар "Саналы ұрпақ - Жарқын болашақ " атты тақырыпты өз ойындарына арқау етіп, оза шабуды мақсат тұтты.
Маусымашар кезеңіне арнайы іріктеумен өткен қатысушылар "Мамасының балалары", "Физтеx", "Тарихи құрама", "Төле би - Сейфуллин" , "4 XL "
"Меxмат", "Қызық","Көмек", "Brand", "IT", "Элита"командалары болды.
Әзіл әлемінде бақтарын сынап, таланттарымен таңдай қақтырған қатысушыларымызға өзінің әділ бағасын беріп, төрелік еткен әділқазылар қатарында Қазақстан Жайдарман Одағы Алматы филиалының директоры Оңдасын Құлынбетов, «Bugin Holding» компаниясының директоры,бас демеушісі Айбек Қуатбаев ,
«Bugin Holding» компаниясының жастармен жұмыс бөлімінің жетекшісі Әлібек Қайратұлы, Алашұлы тобының солисті ,актер,жүргізуші Мақсат Алмасбекұлы,«Жайдарман» ойындарының чемпионы  Нұрсұлтан Жақсыген, жайдарманшы ,автор,сценарист Аманжан Махметов,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік тәрбие жұмысы жөніндегі басқарма басшысы Талғат Болатұлы, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ҚБ төрағасы Шұғыла Мейрамбекқызы болды.
Мега жобаның шымылдығын ашқан «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы мүшелерінің арнайы флэшмобынан бастап, кеш жүргізушісі болған Дәмір Мырзахметұлының әрбір хабарлауы чемпион болуға ұмтылған қатысушы командалардың өзіндік мақсаттарымен аса жоғары жауапкершілік танытқандарын айқындай түсті.
Мега жоба аясында үкілеген үміттерін арқалап келген командалар бірнеше бағамдар бойынша мараптаттарға ие болды.
«Ең үздік креативті шақыру» номинациясын геогорафия және табиғатты пайдалану факультеті "Қызық" командасы еншіледі. Бұл командаға "Zheka’s doner house" мейрамханалар желісінің арнайы сертификаты бұйырды.
Ал «Ең үздік жанкүйер» номинациясы физика - техникалық факультетіне бұйырды. Тағыда бір ерекше "Mister SSP" номинациясын "Мехмат" командасының ойыншысы Айтжанов Әділет иеленсе, "Miss SSP" номинациясы "Қызық" командасының ойыншысы Үсенова Аяжанға бұйырды. Маусымашар үздіктеріне "Pro English" ағылшын тілі орталығына бір семестрлік тегін қатысуға жолдама берілді. Сонымен қатар, "Mister SSP" иегеріне "Rewizard Co" шаңғы тебу орталығының, "Miss SSP" иегеріне "Pro Element" сұлулық салонының арнайы сертификаттары табысталды.
Сонымен қатар Жартылай финалдық кезеңде жалпы балл көрсеткіштері бойынша озық нәтиже көрсетіп ,жартылай финалға жолдама алған командаларымыз: "Мамасының балалары", "Физтеx", "Меxмат", "Қызық","Көмек", "Brand", "IT", "Элита".
Жалпы, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының мега жобасына демеушілік көрсеткен "Bugin Group" xолдингіне
, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына,“Zheka’s Doner house” мейрамxанасына, " Qagaz Print " көшірме жасау орталығына ,
«Step-by-step» ,"Pro English " тіл білімі орталықтарымен " Pro Element" сұлулық салонына, “Salsabil” мейрамxаналар желісіне ыстық ықыласымыз бен зор алғысымызды білдіргіміз келеді.
«Сұңқар кубогы» Smart student’s project чемпионатының маусымашар кезеңінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ телерадио кешені түсірілім жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық қолдау  көрсетті.
Креатив пен қызыққа, бәсекелі тартысқа толы болған жобаның жартылай финалдық кезеңіне келген көрермен қауым, арнайы қонақтар, ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамы жоғары баға беріп, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының алдағы ағымдық жұмыстарына сәттілік тіледі.

РЫСГҮЛ ДАУТАНОВА.
ҚАЗҰУ,Тарих ,археология және этнология факультетінің 2 курс студенті.