жеке
блог

Білімді жастар-ел болашағы

Кез-келген мемлекеттің болашағы ол білімді жастар деп ойлаймын. Білімсіздің күні қараң. Кез келген көзі ашық,көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді.  Қазіргі заман бой жарыстыратын емес,ой жарыстыратын заман болып бара жатыр. Осы заманда,< алма піс,аузымa түс> деп жатудың өзі әбестік.Жалын мен жігерді,ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.

Бүгінгі білімді жас болашақ Қазақстанның болашағы Жастарды білім жолына салып,түзу жолдан тайдырмай,санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстау мемлекет пен қоғамның міндеті болып саналады 

Ұлы Абайдың:<Адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озады> -деген сөздері бүгінгі күні ұрпақтың әлемдік ғылыммен прогресс заңдылықтарына сәйкес бәсекеге қабілетті болып қалыптастыру үрдісінде өзекті болып отыр. 

Білімді ұрпақ-еліміздің болашағы,ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып,ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ,елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі-жастар.Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек,сол жастардың сапалы білім алып,тәрбиелі,парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Елбасымыз жастардың сапалы білім алып,саналы азамат болуы үшін де  қазіргі заманда білім-ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны,ғылыми прогрессті дамыту үшін көптеген қызымет атқарып,еліміздің экономикасының қарыштап  дамуындағы бірден-бір өзгеріс екені баршамызға айқын.  Сондықтан,Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!

 

                                       әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің аға-оқытушысы  А .А. Есекеева

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда