Асқар Алтай "Кентавр" шығармасын не үшін оқуыңыз керек?

Асқар Алтай "Кентавр" шығармасын не үшін оқуыңыз керек?
жеке
блог
Семей полигоны, 1945 жыл. Сол күннен бастап, жақын жатқан ауыл тұрғындары 90х жылдарға дейін азап шегіп келді. 46 жыл бойы шыдап келген халықтың әрі қарай төзерге күші қалмаған соң, 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны жабылды.
Алайда, сынақтар доғарылғаны мен не өзгерді? Бұл өңірдің топырағы қайтымсыз түрде бүлінді, денсаулығы зақымдалатын адамдар  сырқаттанды, балалардың тағдырлары мәңгілікке өзгерді. Әрине, бұндай қиындыққа тап болуды ешкімге  тілемес едім. Бірақ деніңіз сау бола тұра, жарты денесі жануарға тартқан балалы болсаңыз, өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Бұл сұраққа әрбір адам жауап бере бермейді, себебі бір жағынан жанды түршіктілерлік жағдай, ал екінші жағынан көптен күткен сәбиіңнен қалай бас тарта аласын деген сұрақ мазалайтын болады.
Асқар Алтайдың "Кентавр"  атты шығармасында осы сұраққа жауапты тауып қана қоймай, адамдардың бір - біріне қандай жауыз бола алатының, табиғатпен байланысын көре аласыз.  Бұл шығармада кентавр секілді баланың дүниеге келуі, табиғаттың сыйы деп қабылдағанымыз жөн. Себебі полигонда болып жатқан жарылыстарға қарамастан, табиғат ана перзентке зар болып отырғандарға оны сыйлады. Ал жауыздық ретінде ағайындылар арасында болған оқиғаны қарастырсақ болады. Керімғазы өз қонақтарын аңшылыққа әкеліп, ақыры ағасының баласын өлтіріп, өзінің кесірін тигізіп алды. Біреудің кесірі біреуге тиеді деген рас екен. 
Осыдан кейін адамдардың ниетіне қалай сенуге болады? Бүгін табиғаттың барын алып отырғандар, ертең орманды өртеп, жануардың көзін құртпақшы. Ал сіз не ойлайсыз?