Негізгі / Тастама мені,балам...
Тастама мені,балам...

Аурухана іші.Туысқан апам ауырып жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.Дәрігерлер медициналық көмек көрсетіп,емін жалғастыру қажет екенін ескертіп, палатаға жатқызды.Палатада үш әже ем алып жатыр екен.Үлкен кісі болғандықтан жандарында қыздары қарап,тамақтарын беріп, жүріп-тұруына көмектесіп отыр.Бізде келіп,дәрігермен сөйлесіп,апамыздың жанында қалдық.Дәрі-дәрмектерін ішіп,системасын алып болған соң,апам,біраз жақсарып қалғанын айтып,бізді қуантып тастады.Түс кезі.Түскі тамағын беріп болған соң,жанымыздағы әженің қызы үйге барып,кешке келетінін айтып,әжесінің бетінен сүйіп,бізге және медицина қызметкерлеріне қарап қоюымызды өтініп,кетіп қалды.Арада бір сағат уақыт өткеннен соң,жаңағы әже көзіне жас алып: -"енді,қызым келмейді,осы жерге мені тастап кетіп қалды,келмейді"-деп сөйлей бастады.Біз қанша жұбатуға тырыссақта,сол сөзді қайталай бергені соншалық,бар даусымен қатты,қатты сөйледі.Содан қызына телефон шалып,ауруханаға шақыруды жөн санадық.Адам үлкейген сайын жас баладай тез өкпелегіш келетінін естігем.Мүмкін,әжей жанында жатырған емделушілердің балалары жандарында,ал менін қызым "жоқ" деп,көңіліне алып қалған шығар деп ойладым.Бір мезетте қызыда келіп,анасының жабырқаулы жүзін көріп,көзіне жас алды.Сонда әжей:-мен түс көрдім ,түсімде бұл өмірде жалғыз қалған екенмін,сендер жоқсыңдар,ал басқа адамдардың жүзінде тек қуаныш байқалады.Мен сендерсіз қалай өмір сүрем,құлыным.Мені тастамаңдаршы,жаным,тастамаңдаршы"-деп көз жасына ерік берді.Қызы жәй ғана күлімсіреп:-"Анашым,енді сені бір минутқада жалғыз тастамаймын.Менің-жәннатым өзіңізсіз ғой,алтын анашым.Сол бойда әжейдің көңіл-күйі өзгеріп,дүниедегі ең бақытты жандай қуанышты жүзімен айналасына қарады.

Аналарымыз аман болсын.Әрдайым жақсы көретінімізді айтып,үнемі қуантып тұрайықшы!