#SmartJastar

#SmartJastar
жеке
блог

"Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы" КММ-нің тапсырысы бойынша «Студенттер футбол лигасы» қоғамдық қоры 2019 жылы қазан айының 14-18 жұлдыздары аралығында «Маралсай» демалыс үйінде Алматы қаласының белсенді, талантты жастарына және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан жастарға арналған «#SmartJastar» атты жастар лагерін ұйымдастырды.

          «#SmartJastar» лагерінің мақсаты: Алматыда болашағы зор және талантты жастарды қолдау, үлкен шығармашылық әлеуетті дамыту және жас ұрпақтың кәсіби дамуы үшін барлық жағдайларды жасау. Жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және дамыту.

         Лагерь аясында: Жастардың ораторлық, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру үшін көптеген семинар-тренингтер, мастер класстар жоғары деңгейдегі спикер, тренерлердің қатысуларымен өткізілді. Сонымен қатар өз-өздеріне сенімділігін, батылдықтарын арттыру мақсатында жастар тимбилдингтерге, квест ойындарына, және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында ұйымдастырылған спорттық шараларға белсене қатысты. Және де қосымша мотивация алуы үшін, жастар мен мәдениет және спорт саласында үлкен жетістіктерге жеткен тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды.