Қазақстандықтардың кедейлік деңгейі геометриялық прогрессиямен артып жатыр

Қазақстандықтардың кедейлік деңгейі геометриялық прогрессиямен артып жатыр
жеке
блог

Күнделікті киімдердің “нағыз” бағасы қандай? Өндірушілер бізден нені жасырады?!

Жақында мен “The real cost” (Сәннің нағыз құны) деп аталатын деректі фильмді көрдім. Ол менің сән әлемі жайындағы көзқарасымды толықтай өзгертті. Шынымды айтсам, әлемде болып жатқан мәселелерден хабарсыз жүргенімді сол мезетте ғана байқадым.  Осы фильм материализмның таралуын, яғни адамдардың материалдық заттарды, ақшаны өмірдің басқа аспектілерінен жоғары қоюын Рана Плазадағы трагедияның мысалында түсіндіріп өтті. 

Мыңдаған адамдар сіз бен біздің тұтынушылығымыздың құрбаны болып жатыр. 

кезек

H&M, Forever 21, Zara тәрізді ірі компаниялар жаһанданған өндірістің иесі, яғни өнімдері бар әлемге таралады. Сұранысты жоғары деңгейде ұстап тұру үшін кәсіпорындар тұтынушыны үнемі таңғалдырып отыруы қажет. Сондықтан жаңа сән үлгілері қалыпты 2 кезеңнің орнына жылына 52 рет шығарылады, ол қазіргі таңда “Fast fashion” немесе "Жылдам Сән" деп аталады. Сонымен қатар бағасы төмен болғандықтан, сатып алушылар киімді сатып алу/алмау туралы көп уақыт ойланбайды және алған киімі ұнамай қалған жағдайда ешбір өкінішсіз лақтырып, жаңасын сатып алады. Ал сіз киімді сатып алудың алдында ұзақ уақыт ойланасыз ба?

Кәсіпорын иелері өндірушіні таңдауға құқылы, пайданы арттыру үшін көбінесе шығыны төмен болатын елдерді, мысалға Бангладеш пен Индияны таңдайды. Киімді өндірушілер әрқашан бір-бірімен бәсекелес болғандықтан, өнімді жеткізушілер бағаны төмендету арқылы өмір сүруге мәжбүр. Мысалы Фабрика А көйлекті 5000 теңгеге сатса, көршілес Фабрика Б-да оның 4500 теңге екенін біліп, тұтынушыны жоғалтып алмау үшін Фабрика А-ға көйлекті 4000 теңгеге сатуға тура келеді. Ал одан кейінгі кәсіпорында тура сондай көйлектің бағасы 3500 тг болса, басқалар 3000-ға сатады. Ең көп зардап шегетін адамдар - тігіншілер, себебі бұл айырма олардың айлық жалақысынан шегеріледі және олар күніне шамамен 600-1200 теңге ғана табады. Оның үстіне, олардың жұмыс жағдайы нашар, өйткені олардың жеке бас қауіпсіздігі мүлдем ескерілмейді. 

rana plaza

Рана Плаза деп аталған сегіз қабаттық ғимараттың иесіне осы құрылыстың қабырғалары жарылғандығы, сейсмикалық жағдайға шыдамайтындығы туралы және эвакуация жасаудың маңызы жайында бірнеше рет ескерту жасалды. Бірақ фабриканың иелері бұл ескертулерді елемеді, сондықтан бір күні осы ғимарат құлап, мыңдаған адамдар жан тапсырды. Жұмыс берушінің ескертулерге көңіл бөлмегендігінің негізгі себебі – киім тігуге тапсырыстардың көп болғаны және басқа ғимарат іздеуге құлқы болмағаны. Капиталистік елдерде адамдар басқаларға мән бермейді. Олар кірісті барынша арттыруға тырысады, бірақ оның құны өте жоғары. Мен үшін ең таңқаларлық нәрсе - Бангладештегі жұмысшылар туралы бір әйелдің пікірі болды, ол «бұл олардың жұмысы, жағдайлары одан да төмен болуы мүмкін» деді. Оның жауабын естігеннен кейін, мен бұл дүниенің кедейленіп жатқанын түсіндім. Адамдардың материалдық жағдайымен ешқандай байланысы жоқ, бірақ жаны мен эмоционалды әл-ауқаты нашарлады. 

tragedy

Төмендегі суретте Рана Плазадағы трагедияның ауқымдылығы көрсетілген. Суреттегі адамдар - киім фабрикасының жұмыскерлерінің ішінде құтқарылып үлгергендері, 837 адам өмірмен қоштасты...

tragedy

Көптеген жарнамалар материалдық заттар бізді бақытты етеді деген хабарды жібереді, алайда оның керісінше болатындығын атап өткен жөн. Ақша, сән, мәртебе туралы адамдар жиірек ойланған сайын, олар бақытсыздықты сезеді, ешнәрсеге қанағатты білмейтін болады. Өміріне шынымен де қажетті білім, денсаулық, отбасыны сатып ала алмайтындықтан, үй сатып алуға ақшасы жетпегендіктен, адамдар өздерін арзан заттар сатып алып жұбатуға тырысады. Кедей адамдарға қол жетімді жалғыз нәрсе - бұл шүберек. Өкінішке орай, мұны менің жеке басыма да қолдануға болатындығын байқадым. Мен жаңа көйлек немесе жаңа футболка сатып алғанда, біраз уақытқа қанағаттанамын. Сонымен қатар, егер бұл киім өте арзан болса, «мен оны 3000 теңгеге сатып алдым, қандай сәттілік» деуім мүмкін. Өзімнің жаһандану мен материализмнің құрбаны болғанымды мойындау өте өкінішті. Адамдардың өмірі баға жетпес және оны бағалау керек. Материалдық заттарды, жылдам ақша табу жолдарын жарнамалағанның орнына халықтың рухани байлығын арттыруды дәріптеу маңызды! Ал сіз осы тақырып жөнінде қандай ойдасыз?