Эверест

Эверест
жеке
блог

"02.10.19 күні Алматы қаласы, ЦУМ сауда орталығы, Lumeria Cinema кинотеатрында "Эверест" мультфильмінің жабық көрсетілімі өтті",  деп хабарлайды massaget.kz жастар порталы. 


Озі кішкентай болса да, алып жүректі, Лу есімді скрипкашы қыздың бала кезден арманы - әлемді саяхаттау еді. Арманының жолында бар күшін салған батыр қыз Лу, күндердің бір күнінде, оның өмірін 180 градусқа өзгерткен Йети атты кұбыжықпен достасты. Ең қызығы, екі түрлі арманның бір арнада тоғыса отырып,  достардың мақсаттарына бірге жетуі.


Ешқандай қиыншылықтан бас тартпай, Йетидің үйіне (Гималай тауы) оралуына көмектеспекші болған Лу, Эверестке шығу жолында, өз арманының да орындалғанын байқамай қалды.


Осы тұста Бразилиялық жазушы, ақын Пауло Коэльоның " Егер сен бір нәрсені бар ынтаңмен қалаған болсаң, барлық әлем, әлемді жаратушы оның орындалуы жолында қызмет етеді " деген сөзіне тағы бір дәлел болғандай..


Мен сезіне алған шынайы достық пен махаббатты, алып армандар мен мақсаттарды 120 минуттың ішінде, кішкентай ғана экранға (негізі үлкен болып көрінетін еді)),  сиғыза алған "DreamWorks Animation" компаниясының шеберлілігіне  таңым бар. Бірақ армандаған жан үшін бәрі мүмкін ғой иә?)


Айтпақшы, бұрын ойыңызда болған, уақыт өте келе  естен шығып кеткен армандарыңыз қазір жаныңызда болуы да мүмкін, Лу сияқты байқамай жүрмеңіз..)


Ұзын сөздің қысқасы, армандар орындалады!
Барлығыңызға өз Эверестіңізге шығуыңызды тілеймін!