жеке
блог

ҚазҰУ-да Университеттердің жаһандық саммиті

ҚазҰУ-да Университеттердің жаһандық саммиті өз жұмысын жалғастыруда. Бірнеше халықаралық шаралардың алаңына айналған саммитте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдік үздік университеттермен әріптестік меморандумына қол қойды. Атап айтар болсақ, Цукуба университетімен (Жапония) бірлесе «Кампустағы кампус» бағдарламасын жүзеге асыру, сонымен бірге Петронас технологиялық университетімен (Малайзия), Integral University (Үндістан), Пекин университетімен (ҚХР) әріптестік келісім меморандумына қол қойылды.
Ресми қол қою барысында тараптар екі жақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, мамандарды дайындау, шетелдік ғылыми тағлымдамалардан өту сияқты ұсыныстарын мақұлдады. ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов екі жақты жұмыстарды бір жолға қойып, тәжірибе жинақталғаннан кейін басқа да ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланғанын айтты. Шетелдік әріптестер ҚазҰУ-да өтіп жатқан жаһандық саммиттің әлемдік ғылым, білім беру, инновациялық сала әлеуетінің дамуы жолында пікірлер алмасып, тәжірибе бөлісуге үлкен платформа деген баға берді. Сонымен бірге саммит аясында жүзеге асқан әріптестік байланысқа қол қою рәсімі университеттер арасындағы ынтымақтастықты арттыра түсетіндігін жеткізді.
Саммит барысында ҚазҰУ-дың дүниежүзі бойынша мойындалған және беделді халықаралық QS рейтинг агенттігімен бірлесіп ұйымдастырған QS World Wide «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» тақырыбындағы әлемдік конференция мен көрме, әлемнің 130-дан астам жоғары оқу орнын біріктіретін Жібек жолы университеттері Альянсы (SUN) Бас Ассамблеясының отырысы, түрлі континенттердегі жетекші жоғары оқу орындары кіретін әлеуметтік жауапкершілігі бар университеттері (USRN) дүниежүзілік желісінің Work shop-ы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, G-Global Халықаралық Хатшылығы және ҚазҰУ ұйымдастырған «G-Global» бастамасын қолдаудағы «2030 - тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы жастардың рөлі» жаһандық конгресі ұйымдастырылған болатын.

Ең қызықты блогтар

БАҚ-тағы табиғи апаттарды сипаттаудағы метафораның орны
XXI ғасырдың Абайы
Рене Декарттың туа біткен идеялары мен философиялық ойлары
Суицидтің алдын-алу
Ұлттық таным көрінісі: Ақұштап Бақтыгереева лирикасы бойынша
Ж.Баласағұни пәслапасы. «Құтты білік» - құт қону концепті

Жұлдызды блогтар