Сені ұмыту мүмкін емес сияқтанып тұрады..

Жүргенін-ай өзіңсіз аласұрып жүректің, 

Кеттің дағы, бақытымның бар асылын күл еттің. 

Бірақ,  жаным, сезем, білем екі арнада жүрсек те, 

Сендік жүрек оңашада мені ойлап, дір еттің. 

Жалғыз қалып еске алдың менің жанды бейнемді, 

"Бақытсыздық" әні сонда көкірегіңді кернеді, 

Өкпеледің, налыдың тағдырыңа өйткені-

білем, күнім, сенің де өмірге еркелегің келеді. 

... Жүргені бұл көтере алмай жетімдікті жүректің, 

Жанымда жүрген кездеріңде өмірімді гүл еттің. 

Сені ұмыту мүмкін емес сияқтанып тұрады, 

Сол себепті бақытымды - тек сенімен өлшеттім.

Айторғын Салиева



Бөлісу: