Бұл оқиға біреулерде шын болған!

Бұл оқиға біреулерде шын болған!
жеке
блог

Жанарыма симай кеткен сағымсыз, 

Арамызда өтті-ау уақыт бағытсыз.

Жүрегім деп силап келгем мен сізді,

Ал сіз мені ұмытып та қалыпсыз.

 

Кетпей тұғын ойымдағы жанбысыз,

Бұл өмірде мендейлерге бармысыз.

Тұрма жүрме деп айтуға шаршадым,

Құштар екем сізді көруге армансыз.

 

Бағыт бар ма сізге қарай апарар,

Уақыт бар ма сізде маған бір қарар.

Шексіз болса өмір деген ғанибет,

Сіз қасымда болғаныңыз сол жарар.

 

Сіздей енді туа ма екен тағы жан,

Ол арналмас тағдырыма жазылған.

Басқалары басқасына себебі,

Сіздің есім жүрегімде қазылған.

 

Тағдыр деген баспа екен басылған,

Өзгертуге келмейді де ол содан.

Тағдырыма таңырқамай қараңыз,

Өмірімде бұл оқиға шын болған.