Әр адамның өз теңі бола ма?

Әр адамның өз теңі бола ма?
жеке
блог

Бүгін таңертең таксиге отырдым (көп әңгіме осы такисмен байланысты менде). Алдымда жүргізуші мен жолаушы әйел сөйлесіп келеді. Екеуі де орыс ұлттарының өкілдері. Жүргізуші еркек алпыстарға тақаған үлкен кісі, өзінің жалғыздығына шағым айтып келеді: «Үйіме барғым келмейді, үйімде ешкім күтпейді, төрт қабырға жан-жағымнан қысады, үйге сыймаймын. Таңертең таң ата салысымен кетемін, кеш қайтамын. Түнімен ойлар маза бермейді» деп әйелге шағымын айтып келеді. Айтуынша, 3 рет үйленген. Біреуі арам болып шыққан, екіншісі ішуді жақсы көрген, ал үшіншісі анасының айтқанынан шыға алмайтын, жалпы оны тастап кетіпті. Сол үшінші махаббатын қимайтынын, сағынатынын айтады.

Жалпы қарап тұрсақ, әлемде жалғыз адамдар көп. Әрқайсымызда сондай бір таныстар шығатын шығар. Неге кейбіріне отбасылық өмірдің бақытын жазса, кейбіріне жазбайды деп ойландым. Олар сондай өмірді өздері қалап алды ма? Әлде бұл да бір Құдайдың жазасы ма екен. Мен ешкімді аяғым келмейді, көбіне адам өз істері мен әрекеттерінің нәтижесі дегенге сенемін. Дегенмен әр адам бақытты болғысы келеді ғой.

Жасыратыны жоқ, тезірек тұрмыс құру, үйлену керекпін деп адамдар кейде қателесіп те жатады. Орыстың «Выйти замуж не напасть, лишь бы замужем не пропасть…» деген мақалы осы жағдайға байланысты айтылған шығар.

Бұрын бір жарнама болушы еді «Все прекрасное на земле имеет пару» деген. Әр адамның бұл өмірде өз теңі болады дейді кейбірі, бірақ сол теңіне жету үшін қанша қиындық көріп, қанша ізденістер мен жаралы жүректі бастан кешу керек, ал кейбірі тапса да бақытсыз...

Осы адамдарға не керек?..