Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сажида апа

Сажида апа

 Сажида апа

Дулат Исабековтың «Гаухартас» шығармасын оқымаған, 1977 жылы жарық көрген киносын көрмеген жан жоқ шығар. Қарапайым шаруа отбасындағы жағдай көпшілікке таныс деп ойлаймын. Басты кейіпкер Салтанатты көрермен де, оқырман да жақсы көреді. Оның бойындағы сабырлық, нәзіктік, тазалық кім-кімнің болса да көңілінен шығатыны сөзсіз. Оның жүрегіндегі жылулыққа тамсанбаған жан жоқ. Көрікті келіннің рөлін сомдаған Жанна Қуанышева да Салтанаттың бейнесін аша білді. Экрандағы Салтанат келін айтқан әсем әндер жанымызға жақын. Шырқаған сәтінде қосыла кетеміз. Ал сол әндерді орындаған жанның есімі көпшілікке біраз жылдар бойы белгісіз болды. Себебі, оның есімі фильм титрінде көрсетілмеді.

Сүйкімді келіннің әнін кадр сыртында Сажида Ахметова орындаған. Өткен жылдың 60-70 жылдары оның есімі кеңінен таралған, орындаған әндері алтын қорда сақталған. Көмейіне бұлбұл ұялаған әнші арнайы музыкалық білім алмаса да, талай жылдар бойы үлкен сахналарда кәсіби деңгейде өнер көрсете білді. «Менің консерваториям – менің анам» деген Сажида апа алғашқылардың бірі болып Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, Ә. Еспаев т.с.с аты аңызға айналған сазгерлердің әндерін орындаған.  Тіпті, сазгерлердің көбі қаршадай қызды арнайы іздеп келіп, әндерін ұсынған екен.

Әнші болып қана қоймай, Сажида апа ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызметте болды. Тарих ғылымдарының кандидаты, бірқатар ғылыми еңбектердің авторы. Бар ғұмырын отбасына, үш қызына, немерелеріне, шәкірттеріне арнады. Үш қызы да өмірден өз орнын тауып, ел игілігі үшін қызмет етіп келеді. «Тектіден текті туар» деп бекер айтылмаған. Сажида апа қандай болса, қыздары да сондай өте қарапайым, көркем мінезді, ақжарқын жандар. Ортаншы қызы Ақмарал Қайназарова белгілі дарын иесі, Үнді би өнерінің шебері, ҚР Мәдениет қайраткері.

Мектепте оқып жүргенде, студенттік шақта Ақмаралдың концерттеріне барып жүретінмін. Сажида апаны сырттай ғана көретінмін. Соның өзіне қатты қуанатынмын. Кейін телевизия саласында жұмыс істеп жүргенімде Ақмаралдың өзінен, Сажида ападан сұхбат алғым келетін. Сәті түсіп, «Бұл менің өмірім» атты өз бағдарламама кейіпкер болуға Ақмаралды шақырдым. Ол қауырт жұмысына қарамастан бірден келісті. Бағдарламада Ақмаралдың өнерін, отбасын, шығармашылық жолындағы қызметін көрсетуге тырыстық. Мұрат Әуезов Ақмаралды «Гений!» деп атады. Түсірілім кезінде Ақмаралдың үйінде қонақта болып, анасы Сажида апамен танысып, ол кісіден сұхбат алдық. Бір көргеннен-ақ, Сажида апа бізді жанына жақын тартып, өмірі жайлы көптеген естеліктерімен бөлісіп жатты. Арасында қызы Ақмаралға да ескерту жасап үлгерді. «Ақмаралчик, не говори так! Надо говорить по другому. Жақсы ма?!» деп түзетіп отырды. Өте биязы, нәзік үнді жан еді. Күйтабағына қолтаңбасын қойып, бізге батасын беріп, игі тілектерін айтып шығарып салған-ды. Бұл 2016 жылдың күзі еді. Өкінішке орай, бұл менің Сажида апаммен кездескен бірінші әрі соңғы кездесуім болды. Неткен ғажайып жан еді! Неліктен осындай дарабоз жандарды көпшілік біле бермейді екен?! Өнер жолына жаңадан қадам басып жатқан әншілер ең бірінші осындай жандардан тәлім алғаны жөн-ау.

Сажида апа осы көктемде сәуір айының аяғында 81 жасына қараған шағында келмес сапарға кетті. Бұл суық хабарды естіген бойда бір түрлі күй кешкенім бар. Жаназасына қатыса алмасам да, жақында қырық күндік асына бардым. Қыздарымен қауыштым, қазаға ортақтасып, көңіл айттым. Туған анадан айырылуы оңай емес.

Менің бағдарламама берген сұхбаты Сажида апаның соңғы сұхбаты екен. Ол кісімен сөйлесіп, жанында болып, бір дастарханнан дәм татып, қолынан ұстап үлгергеніме өте қуаныштымын.

Басты суретте: Майра Жүрсінова, Сажида Ахметова және Шәмші Қалдаяқов

0
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 09 тамыз, 18:15
Тегтер: Сажида Ахметова

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.